Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ нарыққа клиенттерге арналған мобильді қосымшасын шығарды

11.02.2021
«Халық-Life» АҚ нарыққа клиенттерге арналған мобильді қосымшасын шығарды

«Адам күнделікті өмірде мобильді гаджеттерді пайдалануды күннен-күнге артып отыр. Қазіргі таңда смартфондар ең танымал құрал, ал планшеттер біртіндеп төменгі сатыдағы құралдар қатарына ауысып барады, сондай-ақ тек жұмыс үшін үйде қолданылатын компьютерлер мен ноутбуктар танымалдылығын жоғалтып барады. Осы тенденцияларды ескере отырып, біз клиенттерімізбен байланыстың жаңа арналарын дамыта бастадық және олар үшін «Halyk Life» мобильді қосымшасын шығардық. Қазіргі уақытта мобильді қосымша IOS және Android - мобильді операциялық жүйелерінің барлық клиенттері үшін қол жетімді екенін атап өту маңызды. Енді, олар онлайн режимінде сервис ала алады және Компанияның кеңсесіне келмей-ақ, көптеген мәселелерді шеше алады. Қосымша, ең алдымен, клиенттерімізге ақпаратты іздеу уақытын үнемдеуге, сақтандыру сыйлықақыларын төлеу процесін жеңілдетуге, сондай-ақ сақтандыру шарттарын жасасуға және кейінгі қызмет көрсетуге байланысты қаржылық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, клиенттер бар болғаны қосымшадағы батырмаға бірнеше рет басу арқылы мұның бәріне қол жеткізе алады» - деп хабарлайды «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Жанар Жубаниязова.

 

«Халық-Life» АҚ өмірді сақтандыру компанияларының ішінен өз клиенттеріне арналған мобильді қосымшаны шығарған алғашқы сақтандыру компаниясы болып табылады. Бірегей мобильді сервис Компания клиенттеріне тәулік бойы қолданыстағы сақтандыру шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы сервистің арқасында клиенттер кез-келген уақытта:

  • сақтандыру шарттары бойынша ақпаратпен таныса алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда, сақтандыру жағдайы туралы хабарлама жібере алады;
  • сақтандыру жарналарын төлеп, төлемдер тарихын қадағалай алады;
  • өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру дивидендтерінің мөлшерін бақылай алады;
  • зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлемдер мөлшерін және төлену күйін, төлеу кестесін тексере алады;
  • Компанияның соңғы жаңалықтары туралы ақпаратты алып, Компанияның жақын орналасқан филиалдарының мекенжайы мен байланыс нөмірлерін біле алады.

 

Компания клиенттері «Halyk Life» мобильді қосымшасын AppStore және PlayMarket арқылы жүктей алады.

 

Құрметпен, «Халық-Life» АҚ