Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

"Bilim-Life" сақтандыру бағдарламасымен бірге Сіздің балаңыз болашақтағы мамандығына өзінің алғашқы қадамын жасай алады!

07.10.2025

Құрметті клиенттер, Сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр.

"Bilim-Life" сақтандыру бағдарламасымен бірге Сіздің балаңыз болашақтағы мамандығына өзінің алғашқы қадамын жасай алады!

Егер сіздің балаңыз 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толса және сіздің қолыңызда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша "Халык-Life" АҚ-мен жасалынған шартыңыз болса,

Сізді құттықтаймыз: Сіздің балаңыздың шотына бастапқы білім беру капиталы түсіп үлгерді!

Бастапқы білім беру капиталы, бұл - Қазақстандағы "Келешек" ақша жинақтау жүйесіне қатысушы-балаларға ұсынылатын мемлекеттік төлем болып табылады.

Төлем мөлшері төмендегілерден тұрады:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК (2025 жылы 471 840 теңге);
  • басқа санаттар үшін 60 АЕК (2025 ж. 235 920 теңге).


Бастапқы білім беру капиталының сақталуының міндетті шарттары - ата-анамен енгізілген жылдық жарна - 12-24 АЕК (2025 жылы 47 184 және 94 368 теңге) болып табылады.

Бұл балаға жай ғана қолдау көрсету ғана емес, бұл  - мемлекет пен  сіздің бірлесіп, баланың сапалы білім алуына жасаған алғашқы қадамдарыңыз.

Ата-анамен тұрақты енгізілген жарна + бастапқы капитал = колледжде немесе университетте оқуға, соның ішінде шетелде оқуға арналған толық бюджет.

Егер сіздің балаңыз 2025 жылдың екінші жартысында 5 жасқа толса, онда капитал 2026 жылдың ақпанында есептеледі.

Егер сіздің балаңыз 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толса және бастапқы капитал шотыңызға келіп түспесе, уайымдамаңыз, ол жағдайда төлемдер 2026 жылғы 28 ақпанға дейін жүргізіледі.

Балаңыздың жақсы білім алуын қамтамасыз ету үшін - Бүгіннен бастап ақша жинақтауды бастаңыз!

Жаңа «Келешек» ақша жинақтау жүйесінің қатысушысы болу үшін «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша сақтандыру шартын жасасу қажет.

Толық ақпаратты 7123 нөміріне хабарласып ала аласыз.