Жинақтаушы сақтандыру
«Табысқа қатысумен өмірді топтық аралас сақтандыру» бағдарламасы бойынша сақтандырылған қызметкердің жеке жинақ шоты сақтандыру келісімшарттың мерзімі кезінде тұрақты сақтандыру жарналарының есебінен ұлғаяды.
Сақтандыру тәуекелдері
- Сақтанушы тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
- Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтанушы тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:
- сақтанушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;
- сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- қатерлі аурудың* барын анықтағанда сақтандыру төлемі.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандырудың шарттары
Сақтандырудың негізгі өтелімі | Төлем көлемі |
сақтанушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру | шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы |
өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру | сақтандыру төлемін төлеу күніне шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы |
Сақтандырудың қосымша өтелімі* |
|
Сақтанушы тұлғаның өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда | қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы тұлғаға I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда | қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы |
Сақтанушының жазатайым оқиға салдарынан шарт мерзімінің 2 жылында I-ші немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда, сондай-ақ шарт мерзімінің 3 жылында кез келген себептен еңбекке жарамсыз болып қалуы | Сақтандырушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы | емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы | емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының дене жарақатын алған кезде | «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады |
Сақтанушыда алғаш рет қатерлі аурудың барын анықтау | Қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы;
Сақтанушы тұлға қайтыс болған жағдайда жақындары шарт бойынша сақтандыру сомасының төлемін алады. Бұл төлемнен қосымша өтелім бойынша сақтандыру төлемі алынады. |
*Сақтанушы тұлға 70 жасқа жеткен кезде қосымша сақтандыру өтелімі автоматты түрде қолданыстан түседі, ал «қатерлі аурудың анықталуына» сәйкес - 65 жасқа дейін қарастырылады.
Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды. |
18-65 жас аралығындағы кез келген адам. Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат
2 жылдан артық мерзімге немесе тараптардың келісімі бойынша
Тараптардың келісімі бойынша, алайда сома Сақтанушының 10 жылдық еңбекақы жиынтығынан аспайды
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы