Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ Халықаралық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін растау үшін сапа менеджмент жүйесінің қайта сертификаттауынан сәтті өтті

23.09.2025

2025 жылдың қыркүйегінде «Халық-Life» компаниясы Халықаралық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін растау үшін сапа менеджмент жүйесінің қайта сертификаттауынан сәтті өтті. Словакияның халықаралық компаниясы – ОС «CERT International» сертификаттау қызметін атқарды.

«Халық-Life» компаниясы бірнеше жыл қатарынан халықаралық сапа стандарттарына (СМЖ) сәйкес келетін жүйені қолдап келеді. Компаниямыз тәуелсіз сыртқы аудиттің қайта растауынан өтті.

Халықаралық ISO 9001:2015 сапа стандартына сай болған Халық-Life:

Халықаралық стандарт талаптарына сай болу: Компания ISO 9001:2015 Халықаралық стандартының талаптарына сай басқару жүйесін қолдайды.

Клиентке бағытталу: СМЖ клиенттердің қажеттіліктері мен олардың қанағаттануын басты назарда ұстау.

Жүйелі тәсіл: Компания қызметі нақты әрі басқарылатын процестер арқылы ұйымдастырылған.

Үздіксіз жетілдіру: Компания өз процестері мен қызметтерін тұрақты түрде жетілдіруге ұмтылады.

Клиент сенімі: ISO 9001 сертификаты клиенттер мен серіктестер тарапынан сенімді арттырады және Компанияның сапаға адалдығын дәлелдейді.

Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесі Компанияға процестерді тиімді басқаруға және оларды тұрақты жұмыс жағдайында ұстауға мүмкіндік береді. Компания қолданатын жүйелі тәсіл клиенттерге оның Қазақстан Республикасының заңнамасына және олардың талаптарына сай өмірді сақтандыру қызметтерін көрсете алатынына сенімділік береді.