Өзгертілген күн 06.05.2025, 14:42

Компания туралы ақпарат

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес ұйымы «Халык-Life» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы «өмірді сақтандыру» саласының көшбасшысы.

2006 жылғы 17 қарашада Компания сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін Лицензияны алды. 2009 жылғы маусымда Компанияға қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын ұсынатын Лицензиясы берілді.

Ал 2016 жылғы 4 қарашада Компанияның бас кеңсе мекенжайының өзгеруіне байланысты жаңартылған №2.2.41 Лицензияны алды.

Компания өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта рәсімдеді және 2022 жылғы 11 қазандағы № 2.2.10 жаңартылған лицензиясын алды.

2022 жылғы 28 желтоқсанда Қоғам өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта рәсімдеп, № 2.2.12 жаңартылған лицензияны алды.



Жалғыз акционері «Халық-Life» АҚ болып табылатын — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 100 жылдан аса табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. 

Қазақстан Республикасы, A26M3K5, Алматы қ., Медеу ауданы, Әль-Фараби, 40

2025 жылғы 7 наурызда ең ірі халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings «Халык-Life» АҚ-ның ұзақмерзімді эмитенттік кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылық рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, болжамы – «Тұрақты» деп растады. Ұлттық шкала бойынша рейтинг – «kzAAA».


 2025 жылғы 12 сәуірде халықаралық рейтингтік агенттік A.M. Best «Халык-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингін «B++» («Good») деңгейінде және ұзақмерзімді эмитенттік кредиттік рейтингін «bbb» («Good») деңгейінде растады. Аталған кредиттік рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Тарихы

«Халық-Life» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - Компанияның жалғыз акционері және «Халық-Life» АҚ орналастырылған акцияларының 100%-на ие.

Біздің қағидаттар

«Халық-Life» АҚ құрылған сәтінен бастап нақты қағидаттарды басшылыққа алады, олар бүгінгі күнге дейін компанияны бәсекелестерден ерекшелендіріп, Клиенттердің сенімін нығайтуға көмектеседі:

  • Ашық әрі анық қызмет жүргізу
    Ашық әрі анық қызмет жүргізу
  • Әр Клиентті жеке қарастыру
    Әр Клиентті жеке қарастыру
  • Өз міндеттемелерін орындау
    Өз міндеттемелерін орындау
  • Жұмысты ұйымдастыруда заманауи принциптерді пайдалану
    Жұмысты ұйымдастыруда заманауи принциптерді пайдалану
  • Инновациялық өнімдер мен басқару әдістерін енгізу
    Инновациялық өнімдер мен басқару әдістерін енгізу
  • Өз қызметін үздіксіз жетілдіру және жоғары сапалы қызмет көрсету
    Өз қызметін үздіксіз жетілдіру және жоғары сапалы қызмет көрсету

Біздің стратегия

Қаржылық көрсеткіштері

Ресми мәліметтерге сәйкес «Халық-Life» АҚ жарғылық капиталы 01.04.2025ж. жағдай бойынша 11,99 млрд теңгеге тең. 01.04.2025ж. жағдай бойынша активтерінің мөлшері 583,5 млрд теңгені (активтердің көлемі бойынша өмірді сақтандыру компаниялары бойынша 1-ші орында), сақтандыру резервтерінің сомасы 454,5 млрд теңгені, ал меншікті капиталы - 123,4 млрд теңгені құрады.

Қаржылық рейтингтері

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».

Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B++» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb» дәрежесінде. Бұл рейтингтер қазақстандық өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары және АM Best халықаралық рейтингтік агенттігімен берілген.

«Халық-Life» АҚ-ның қызметі саны күн сайын өсіп келе жатқан клиенттердің сенімімен жоғары бағаланады!

Біздің команда

Қызметкерлер – біздің асыл байлығымыз! Әрбір қызметкер өз кәсібінің шебері, өз ісіне жауапты және олардың әрқайсысы ең биік шыңдарды бағындыруға дайын.
Компания орындалу үдерістері өте қызықты жобаларды ұсыну арқылы ұжымдағы қызметкерлер арасындағы достық атмосфераны қалыптастырады.
Біз қызметкерлерге лайықты өмір сүру үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқу курстарын, мансаптық өсу, өзін еркін дамыту мүмкіндіктерін ұсынамыз.