Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

S&P Global Ratings «Халык-Life» АҚ-ның «Тұрақты» болжамымен «ВВВ-» деңгейіндегі қаржылық тұрақтылығының рейтингін растады

07.09.2025

S&P Global Ratings «Халык-Life» АҚ-ның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық рейтингін «BBB-» деңгейінде, сондай-ақ қазақстандық ұлттық шкала бойынша "kzAAA" рейтингін қайта растады. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты» күйінде қалды.

«Халык-Life» АҚ өз клиенттеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, Қазақстанның сақтандыру секторындағы өз шебін нығайта отырып, өзінің даму стратегиясын сенімді түрде жалғастыруда.

«Халық-Life» АҚ – Қазақстанның Халық Банкінің өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясы, 2005 жылы құрылған. Қазақстандағы сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша  көшбасшы және «өмір сақтандыру» қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы. 2006 жылы өмір сақтандыру лицензиясы берілді, 28.12.2022 жылы  №2.2.12 сақтандырудың жаңа түрі қосылғаны үшін жаңартылды.  Компания  «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының» мүшесі.

S&P Global Ratings қаржылық және шикізат нарығындағы кредиттік рейтингтер, салыстырмалы көрсеткіштер, зерттеулер және бизнес-шешімдер беретін халықаралық компания.