Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

"Халық-Life" компаниясы "Bilim-Life" бағдарламасының шарттарының жақсарғанын хабарлайды

06.10.2025

Құрметті клиенттер!
 "Халық-Life" компаниясы  "Bilim-Life" бағдарламасының шарттарының жақсарғанын хабарлайды.    
Енді сіздің келісім-шарт қорғалған әрі тиімді бола түсті.
2025 жылдың 13 сәуіріне  дейін рәсімделген келісім-шарттар үшін өзгерістер:
29-тармақтан төмендегі жағдайлар бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тарту негіздері алынып тасталды:

  • Сақтандыру шартының алғашқы екі жылы ішінде анықталған онкологиялық аурулар;
  • ВИЧ/ЖИТС-пен байланысты аурулар;
  • (жолаушылардың тұрақты рейстерінен басқа) ұшу аппараттарында ұшу;
  • Кәсіби немесе экстрималды спорт түрлерімен айналысу.

Бұл өзгерістер сіздің сақтандыру шартыңыз бойынша қорғаныс аясын кеңейтеді және болашаққа деген сенімділікті арттырады.

Сонымен қатар, шартқа жаңа бөлім енгізілді — Бастапқы білім беру капиталы (СОК) туралы.

Бұл — балаңыздың білім алуын қаржыландыруға арналған мемлекеттік қолдау түрі.

Егер сіздің балаңыз 2020 жылы немесе одан кейін туған болса, мемлекеттен оның оқуына қосымша қаржылай көмек ала аласыз.

Жаңа шарттарды қолдану үшін не істеу қажет?

  • Қолданыстағы келісім-шартыңызға қосымша келісімге қол қою;
  • Егер сіздің балаңыз СОК алуға құқылы болса — оны алу туралы келісім өтінішіне қол қою.

Жақын арада сізге барлық қажетті құжаттарға онлайн қол қою үшін жеке сілтемесі бар SMS жіберіледі.