Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ-тың қаржы тұрақтылық рейтингі B+ (Good) деңгейінде және ұзақ мерзімді кредит рейтингі "bbb-" деңгейінде расталған.

26.03.2019
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Алматы қ.                                                                                                                                                                                                       2019.26.03

«Халық-Life» АҚ-тың қаржы тұрақтылық рейтингі B+ (Good) деңгейінде және ұзақ мерзімді кредит рейтингі "bbb-" деңгейінде расталған.

 

2019 жылдың наурыз айында AM Best «Халық-Life» АҚ Компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ (Good) деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредит рейтингін "bbb-"деңгейінде растады. Осы кредиттік рейтингтер (рейтингтер) бойынша болжам тұрақты болып табылады.

 

Агенттік талдаушыларының пікірінше, рейтингті "тұрақты" болжаммен растау, «Халық-Life» АҚ-тың «Казкоммерц-Life» АҚ-пен бірігу түрінде қайта ұйымдастыруды 2018 жылғы қарашада табысты аяқтағанына байланысты. Сондай-ақ бұл рейтингтер, AM Best-пен өте күшті, барабар операциялық көрсеткіштер, бизнестің шектеулі профилі және Компанияның тәуекелдерін маргиналды басқару ретінде жіктелген «Халық-Life» АҚ-тың теңгерімін көрсетеді.

«Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығы тәуекелге түзету енгізілумен күшті капиталдандырумен бекітіледі, бұл капиталдың жеткіліктілік коэффициентімен өлшенеді. AM Best, Компанияның капиталдануы капиталдың тұрақты ішкі генерациясы қолдайтын ең жоғары деңгейде қалады деп күтеді. «Халық-Life» АҚ, 2018 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміне қарай, бірігуден кейін 44% бағалау үлесімен қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы болып табылады. AM Best, «Халық-Life» АҚ-тың «Казкоммерц-Life» АҚ-пен бірігуі, оның қазақстандық өмірді сақтандыру нарығындағы бәсекелестіктің өсіп келе жатқан деңгейіне байланысты тәуекелдерге қарамастан, зейнеткерлік аннуитеттер және өмірді жинақтаушы сақтандыру сияқты сегменттердегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтады деп күтуде. «Халық-Life» АҚ қызметі, халықаралық стандарттар бойынша үлкен емес және бұрынғысынша жоғары реттеуші тәуекелге ұшырайтын қазақстандық сақтандыру нарығымен шектелген. «Халық-Life» АҚ операциялық көрсеткіштері жақсы деңгейді көрсетеді, 23%-ғы капиталдың бағаланған бес жылдық (2014-2018 жж.) орташа өлшемді кірістілігі бұл туралы куәландырады. Жалпы алғанда, «Халық-Life» АҚ-тың табысы ең алдымен бизнестің айтарлықтай өсуіне және Компанияның инвестициялық портфелі салыстырмалы консервативті болып табылатындығына қарамастан, оң инвестициялық көрсеткіштерге байланысты.

Компания туралы ақпарат: «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Қазақстанның ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жалғыз акционері болып табылады. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензия 2006 жылы берілген, Компанияның бас кеңсесінің нақты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты 2016 жылғы 04 қарашада №2.2.41 нөмірімен жаңартылды.

 

Байланыстар үшін:

Натали Ананьева,

Маркетинг және даму басқармасының бастығы,

Алматы қ., Абай даңғ., 109 В

Тел.: +7 (727) 244-62-66, іш.2384

Моб. +7 777 237 18 30

e-mail: Natalya.ananyeva@halyklife.kz