Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Британдық Стандарттар Институты (BSI) "Халық-Life" АҚ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін сертификаттады

04.09.2019

2019 жылдың тамызында Компания сертификациялық аудиттен өтті, оның нәтижесінде «Халық-Life» АҚ-қа, Компанияда ISO 9001:2015 халықаралық стандартының барлық қажетті талаптарына жауап беретін сапа менеджменті жүйесінің құрылғанын және жұмыс істейтінін куәландыратын сертификат табыс етілді. Сертификаттау органы – Британдық Стандарттар Институты (BSI) халықаралық компаниясы болды.

Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесі Компанияға процестерді тиімді басқаруға және оларды жұмыс жағдайында ұстап тұруға: клиенттердің талаптарын үнемі талдауға; өмірді сақтандыру бағдарламаларының клиентке бағдарлануын қамтамасыз етуге; клиенттерге қызмет көрсетудің қажетті стандарттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Сондықтан Компанияда қолданылатын жүйелі тәсіл, клиенттерге Компанияның клиенттердің талаптарына сәйкес келетін өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсете алатынына сенімділік береді.