Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ-ның 24 мыңнан астам тұтынушы компанияның инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша қосымша табыс алады

30.12.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Халык-Life» АҚ-ның 24 мыңнан астам клиенті компанияның инвестициялық қызметі нәтижесінде қалыптасқан қосымша табыс алады.
«Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, инвестициялық пайдаға қатысу талаптарымен өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар арасында 450,9 млн теңге көлеміндегі пайда бөлінетін болады.

Аталған қаражат сақтандыру дивидендтерін есептеуге бағытталады, бұл клиенттерге есептелген бонустар сомасына қосымша сақтандыру сомасын сатып алу арқылы өздерінің сақтандыру қорғаныстарын арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық табысты бөлу нәтижесінде қолданыстағы өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 574,3 млн теңгеге ұлғаяды. Осылайша, клиенттердің жарналары ұлғайтылмай, қосымша сақтандыру сомасын алатын болады, сондай-ақ отбасы үшін көбірек қаржылық жағынан қорғанысқа ие болып, ақша жинақтарының өсуіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандырудың нақты тиімділігіне қол жеткізеді.

Аталған шешімнің жүзеге асырылуы инвестициялық стратегияның тиімділігін, сондай-ақ «Халык-Life» АҚ-ның орнықты даму қағидаттарын және сақтанушылар үшін барынша жоғары құндылықтарды қалыптастыру ұстанымдарын растайды, ол дегеніміз, өмірді жинақтаушы сақтандыру, клиенттің пайдасына болашақта ғана емес, шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жұмыс жасайтынын білдіреді.