2025 жылы 18 тамызда «Kazakhstan Insurance Forum 2025» атты форумы өтті. Ұйымдастырушы: «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» (СТҚҚ).
Қазақстанның сақтандыру қауымдастығы мен халықаралық әріптестер үшін «Kazakhstan Insurance Forum 2025» форумы – елеулі оқиға. Форумға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Үкіметі, сақтандыру компаниялары, қаржы нарығының өзге де қатысушылары, 26 елден Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйелерінің қорлары да қатысты. Форумда Қазақстанның сақтандыру саласының дамуы, реттеу, соның ішінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйелері, цифрландыру және сақтандыру өнімдерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Форум аясында реттеушілік өзгерістерге және олардың сақтандыру секторының дамуын ынталандырудағы рөліне, медициналық сақтандыруды, көлік сақтандыруды және ауыр сырқаттарға қарсы сақтандыруды қоса алғанда, сақтандыру өнімдерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Маңызды бағыттардың бірі – цифрлық технологияларды енгізу, бұл сақтандыру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттырады.
Сонымен қатар, биыл біздің еліміз Қазақстанның Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКҚ) басшылығында 25 елді біріктірген IFIGS – Халықаралық сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорлары форумына төрағалық етуде.
Halyk-Life компаниясы да бұл ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға үлкен қолдау көрсетті. Біз үшін Қазақстандағы сақтандыру саласының болашақ даму бағытын айқындайтын осындай маңызды халықаралық шараға қатысу – зор мәртебе.