Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Сүйікті қаламыздағы жаз әуені» фестивалі мен Қостанай қаласының 146 жылдық мерей тойы

18.08.2025

2025 жылдың 16 тамызда Қостанай қаласында Halyk тобының ұйымдастыруымен «Сүйікті қаламыздағы жаз әуені» ауқымды музыкалық фестивалі өтті. Аталмыш шара Қостанай қаласының 146 жылдық мерей тойымен тұспа – тұс келді.

Қала тұрғындары мен қонақтары жанды дауыста шырқалған әндерге қосыла ән шырқады. Бұлбұлы мен дүлдүлін бір жерге жинаған Фестивальде сүйікті әншілер өнер көрсетіп, қонақтарды шаттық пен қуанышқа бөледі.

«Халык-Life» компаниясы Қостанай қаласының тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қостанай қаласы дамып, көркейе берсін. Әр үйде жылулық, отбасылық татулық пен береке болсын!

Қостанай қаласының тұрғындары мереке құтты болсын!