Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» компаниясының 2025 ж. 1-жартыжылдық қорытындысы

14.08.2025

2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Халық-Life» компаниясы Қазақстан Республикасындағы ең ірі өмірді сақтандыру компаниясы және қаржылық көрсеткіштер бойынша көшбасшылар үштігіне кіреді.

2025 жылғы 1 шілде бойынша:

  • 1-орын активтер көлемі бойынша (630,9 млрд тг, нарық үлесі – 33,1%)
  • 1-орын сақтандыру резервтері көлемі бойынша (483,8 млрд тг, нарық үлесі – 33,1%)
  • 1-орын меншікті капитал көлемі бойынша (140,1 млрд тг, нарық үлесі – 41,6%)
  • 1-орын таза пайда көлемі бойынша (18,8 млрд тг, нарық үлесі – 41,9%)
  • 3-орын жиналған сақтандыру сыйлықақы көлемі бойынша (103,9 млрд тг, нарық үлесі – 21,7%)
  • 1-орын сақтандыру төлемдері көлемі бойынша (19,4 млрд тг, нарық үлесі – 29,9%)


2025 жылдың басынан бері өмірді сақтандыру нарығы жағымды динамика көрсетіп келеді және 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің Компания нарықтағы жетекші орнын  нығайтты.
Осы жылдың наурыз айында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Халык-Life» компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингін BBB- деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Бұл – компания стратегиясының тиімділігін және қызметінің тұрақтылығын айқын көрсететін маңызды фактор. Бұл жағдай клиенттердің сенімін арттырып, сақтандыру полистері мен жарналарының сенімділігін дәлелдейді.