Құрметті клиенттер!
Halyk-Life мобильді қосымшасында сақтандыру жарналарын төлеу үшін — «Автотөлем» ыңғайлы сервисі қолжетімді екендігін естеріңізге сала кетейік.
«Автотөлем» дегеніміз не?
Бұл Сіздің банктік картаңыздан сақтандыру жарнасының сомасын белгіленген күні автоматты түрде шешіп алатын функция. «Автотөлем» Сіздің уақытыңызды үнемдейді және қажетсіз ескертулерсіз төлемді уақтылы жасауға көмектеседі.
«Автотөлемді» қалай қосуға болады?
- Halyk-Life мобильді қосымшасын ашыңыз.
- Профиль → Төлем картасы → Картаны қосу бөліміне өтіңіз.
- Картаңыздың деректерін енгізіп, «Төлеу» түймесін басыңыз. Картаны тіркеу кезінде 15 теңге уақытша есептен шығарылады – сома қысқа уақыттан кейін автоматты түрде картаға қайтарылады.
- Картаны қосқаннан кейін «Шарттар» бөлімін ашыңыз.
- Қажетті сақтандыру бағдарламасын таңдап, «Автотөлемді» қосу» түймесін басыңыз.
Назар аударыңыз: «Автотөлем» функциясы әрбір сақтандыру шарты үшін бөлек қосылады.
Сұрақтарыңыз барма?
Сіз:
- бізге WhatsApp желісіне келесі нөмір бойынша: +7 (700) 748-96-50
- немесе Сіздің қалаңызда жақын жердегі «Халық-Life» АҚ кеңсесіне хабарласа аласыз.
Бүгін «Автотөлемді» қосыңыз және сақтандыру жарналарының уақтылы төленетініне сенімді болыңыз!