Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«AM Best» агенттігі «Халық-Life» АҚ кредитті рейтингін растады

15.04.2024

«AM Best» агенттігі «B++» (GOOD) деңгейінде қаржылық тұрақтылығының рейтингін және «Халық-Life» АҚ «bbb» (GOOD) деңгейінде ұзақ мерзімді эмитенттің рейтингін растады.   Рейтинг мәліметінің болжамы бойынша «Тұрақты» боп танылды.  

Рейтингтер «Халық-Life» АҚ балансының тұрақтылығын көрсетеді.   AM Best  «Халық-Life» АҚ компаниясының жоғарғы операциялық көрсеткіштерін, шағын бизнес пішінін және корпоративті тәуекелдерді басқаруын үздік деп таныды.

Best's Capital Adequacy Ratio (BCAR) көрсеткішіне сәйкес «Халық-Life» АҚ капиталы жеткілікті, балансының тұрақтылығына негізделеді.    2022 жылдың соңындағы көрсеткіштер BCAR аудиттелген қаржылай есеп беруіне негізделген, МСФО стандарттарына сай үздік бағасын алды.

 Бұл көрсеткіштер келешекте де өз орнын сақтап қалады деп күтілуде, себебі компанияның операциялық қызметінің жоғарғы нәтижесі және дивиденд саясаты жоғарғы деңгейде деп танылды. Компанияның жобаларын іске асыруына жеткілікті  қаражатты сақтап қалу дивиденд саясатына тікелей байланысты.   «Халық-Life» АҚ инвестициялық портфеліндегі активтер консервативті түрде бөлінген: шамамен 90 пайызын табысты құнды қағаздар, ақша және банк депозиттері құрайды.

Соңғы жылдары «Халық-Life» АҚ операциялық көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы компанияның жекеменшік капиталы 35,6% құрады (2021 ж.: 21,8%).  AM Best «Халық-Life» АҚ жоғарғы операциялық көрсеткішін сақтап қалады деп сенеді.

 «Халық-Life» АҚ қазақстандық өмір сақтандыру нарығының көшбасшысы.

AM Best – халықаралық рейтинг агенттігі, жаңалықтар баспагері және сақтандыру саласына негізделген аналитикалық мәліметтер ұсынушы. АҚШ-та штаб-квартирасы бар AM Best компаниясы дүниенің 100 мемлекетінен астам  жерде қызмет атқаруда.   Лондон, Амстердам, Дубай, Гонконг, Сингапур және  Мехико қалаларында офистері бар.