Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Журналистер арасында байқау!

26.03.2024
«Halyk-Life» АҚ журналистер арасында өтетін жыл сайынғы ҚР-да өмірді сақтандыру жайлы жасалған ең үздік материал байқауының басталғаны жайлы хабарлайды.

Бұл байқау дарынды журналистерді қолдау және  сақтандыру саласындағы журналистік материалдардың сапасын көтеруге арналады.

Байқаудың басты мақсаты – біздің елімізде өмірді сақтандырудың әлеуметтік рөлін күшейту және сақтандыру материалдарын шығару арқылы сақтандыру мәдениетін көтеру.

Байқауға қатысатын жұмыстар 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау нәтижесі 14 қазанда өтеді.

12 Байқау жеңімпазы 4 номинация бойынша анықталады:

- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс» (қазақ тілінде)

- «Үздік видеожұмыс (қазақ тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)» 

- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс»  (орыс тілінде)

- «Үздік видеожұмыс (орыс тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)»   

Ақшалай сыйлықтар:

1 орын: 500 000 (бес жүз мың) теңге;

2 орын: 300 000 (үш жүз мың) теңге;

3 орын: 200 000 (екі жүз мың) теңге. 

Өмірді сақтандыру жайлы жасалған үздік жұмыстар байқауын өткізу шарттары

Тел.: +7(727)244-62-22, ішкі номер: 52505, 52501

Эл. пошта: almaz@halyklife.kz