Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

"Халық-Life" АҚ "Халық-Қазына" өмірді аралас сақтандыру ережесіне №1 өзгерістердің бекітілгені туралы хабарлайды

01.02.2024

Құрметті, Клиенттер!

Осы арқылы Директорлар кеңесінің шешімімен "Халык-Казына" өмірді аралас сақтандыру ережелеріне (ІНҚ-СЕ-26, 4 басылым) төмендегідей өзгертулер бекітілгенін хабарлаймыз, сондай-ақ "Халык-Казына" өмірді аралас сақтандыру ережелерінің (ІНҚ-СЕ-26, 4 басылым)  келесі нормалары қолданылады деген шешім қабылданды:

1)         "Халык-Казына" өмірді аралас сақтандыру ережелеріне (ІНҚ-СЕ-26, 4 басылым) № 1 жасалынған өзгертулерге сәйкес өзгертілген нормалар;

2) "Халык-Казына" өмірді аралас сақтандыру ережелерінің (ІНҚ-СЕ-26, 4 басылым) 26 тармағы,

бұрын қолданыста болған «Халық-Қазына» өмірді аралас сақтандыру ережесіне (ІНҚ-СЕ-26, 1, 2, 3-басылымдар) сәйкес жасалған «Халық-Қазына» өмірді аралас сақтандыру шарттарының (бұдан әрі - Сақтандыру шарты) талаптарына.

                                    Сақтандыру шартына енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, Сіз Сақтандыру шартының өзінде көзделген шарттарға сәйкес Сақтандыру шартын бұзуға құқылысыз.

Сізден "Халык-Казына" өмірді аралас сақтандыру ережелеріне (ІНҚ-СЕ-26, 4 басылым) жасалынған № 1 өзгертулерменмен және Ережелермен танысуыңызды және болашақта жоғарыда аталған нормаларды басшылыққа алуыңызды сұраймыз.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер және/немесе толықтырулар осы хабарлама «Халык -Life» АҚ интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшіне енеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:

7123 (ҚР барлық ұялы байланыс абоненттері үшін қоңырау шалу тегін)

+7 (727) 244 62 22

+7 (747) 244 62 22

info@halyklife.kz