Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ Алматы қаласындағы техникалық ЖОО-ның студенттеріне «InsureTechHackaton» өткізді

29.01.2024

27 және 28 қаңтарда «Халык-Life» АҚ Алматы қаласындағы техникалық ЖОО студенттері арасында KBTU алаңында ең ірі «InsureTechHackaton» хакатонын өткізді.

InsureTechHackaton – ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған, сақтандыру индустриясында IT-технологиялар саласындағы жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыруға арналған негізгі іс-шара.

Биылғы жылы хакатон жеңімпаздарын арнайы әділ қазылар алқасы анықтады, оған «Халык-Life» АҚ IT командасынан бөлек, IT-технология саласындағы арнайы тәуелсіз өкілдер шақырылды:

  • Ануарбекова Линара – «Бірыңғай сақтандыру деректер базасының» және «Несие тарихы деректер базасының» операторы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма төрайымы.
  • Рашид Дюсембаев – AlmaU корпоративтік инновациялық зертханасының директоры.
  • Марат Меиров – «KMF» елдегі ең ірі микроқаржы ұйымының IT бойынша басқарушы директоры.


Хакатон қатысушыларының тәжірибелік үлгілері мен тұжырымдамаларын қарау нәтижелері бойынша 4 жеңімпаз команда анықталды, олар өздерінің қабілеттілігін мойындатумен қатар, «Halyk-Life» АҚ –нда тағылымдамадан өтуге шақырту алып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

 «Осы қызықты хакатон байқауын ұйымдастырудағы алдымызға қойған басты мақсат – ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету және олардың назарын әлеуметтік жағынан ең маңызды болып табылатын қаржы нарығындағы өмірді сақтандыру секторын цифрландыруға аудару болды. Өмірді сақтандыру - азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық құрал болғанымен, сақтандырудың бұл түрі бізде танымал емес. Дамыған елдерде өмірді сақтандыру полисі бар азаматтардың үлесі 95%-ға жеткен кезде, Қазақстанда өмірді ерікті сақтандырумен 1%-дан аспайтыны азаматтар ғана қамтылған. Біздің компания Қазақстандағы өмірді сақтандыру секторының көшбасшысы бола отырып, сақтандыру секторындағы цифрландырудың стратегиялық дамуына жалпы көңіл бөледі. Өйткені, өскелең ұрпақ арасындағы жаңа тенденцияларды ескере отырып, технологияның дамуы алдағы 5-10 жылда сақтандыру шарттарының басым бөлігін толық онлайн форматқа көшіруге мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан жас, өршіл, шығармашыл студенттер еліміздің ең қуатты техникалық әлеуеті екеніне сенімдіміз. Ал біз, Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы ретінде, мұндай тұлғаларға  жол бастауға, олардың өзіне, күшіне сенуіне көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз студенттерге арналған хакатонды өткізіп қана қоймай, сонымен қатар жеңімпаздарды және өзін айрықша көрсеткен қатысушыларды біздің компанияда тағылымдамадан өтуге және олардың мансабындағы алғашқы кәсіби алаңы болуға дайынбыз», - деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары Беков Айдос.

 «Халык-Life» АҚ ұйымдастырған хакатонға 220-дан астам студенттен құралған 60-тан астам команда өтініш білдірген. Оның ішінде 23 команда өздерінің тақырыптық әзірлемелерінің нәтижелерін сәтті көрсетті. Осы іс-шара арқылы Компания жас бағдарлама әзірлеушілерді қолдауға және алдағы жылдарда цифрландыру үшін орасан зор әлеуетке ие өмірді сақтандыру секторына олардың назарын аударуды көздеп отыр.