Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директор Маженова Бахыт Мурсалимовна «Тәуелсіз директор-2023» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен марапатталды

08.01.2024

2023 жылғы 7 желтоқсанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мұрындық болуымен қаржы институттарының, ұлттық холдингтердің, сарапшылардың және кәсіпкерлердің басын қосқан Қазақстандағы корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерін талқылау үшін «Корпоративтік басқару – жаңа міндеттер» форумы өтті.

Форум аясында корпоративтік басқару саласындағы үздік мамандарды анықтауға арналған байқау өтті.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры қызметін атқарып жүрген Маженова Бахыт Мурсалимовна «Тәуелсіз директор-2023» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен марапатталды. Бақыт Мүрсәлімқызының Қазақстандағы үздік корпоративтік басқару мамандарының қатарында болуы, оның жоғары кәсібилігін, Директорлар кеңесі деңгейінде Компанияны тиімді басқарудағы елеулі тәжірибесін дәлелдейді.

«Басқарма атынан Бақыт Мүрсәлімқызын осы жоғары және лайықты кәсіби марапатымен құттықтаймыз! Біз 6 жыл бойы біздің компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі қатарында осындай тұлғалардың болғанын мақтан тұтамыз. Компанияның көптеген жетістіктері мен өмірді сақтандыру нарығындағы керемет серпілістері Бақыт Мүрсәлімқызының сарапшылық пікірі мен берік ұстанымының арқасында жүзеге асты. Бақыт Мүрсәлімқызына Компанияны тиімді басқаруға қосқан кәсіби үлесі үшін, шешім қабылдау кезінде әрқашан бейтарап және объективті әрекет ететіні үшін алғыс айтамыз және оның осы әрекеттері Компанияға меншік иелері мен топ-менеджмент мүдделерінің теңгерімділігін сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.