Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Байқаңыздар, алаяқтар!

28.11.2023
Құрметті клиенттер!

     Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген аймақтарында азаматтардың аңқаулығын , олардың зейнетақы жинақтарын басқару мәселелерінен хабардар еместігін пайдаланып, алаяқтар, белгілі бір ақыға, делдалдық (алаяқ) ақша аудару арқылы, өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына беруді ұсынып, жалған ақпарат береді.

     Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы немесе зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмірді сақтандыру ұйымдарында орналастырылған зейнетақы жинақтарын алу мүмкін емес.

     «Halyk-Life» АҚ клиенттерге алаяқтар таратқан ақпаратқа сенбеуге және қырағы болуға кеңес береді!

     Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен болса, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне арыз беруіңізді сұраймыз.