Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді

17.03.2023

2023 жылғы 17 наурыз, Алматы қ. - AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» - ден «B++» - ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» - ден  «bbb» - ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».

Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері рейтингтердің халықаралық классификаторы бойынша Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады.

Рейтингтің жоғарылауына Компанияның соңғы жылдардағы сенімді инвестициялық кірістілікпен қамтамасыз етілген операциялық көрсеткіштерінің жақсаруы ықпал етті. Сонымен қатар, 2022 жылы Компания меншікті капиталдың кірістілігін 2021 жылмен салыстырғанда 13,8% - ға (21,8% - дан 35,6% - ға дейін) ұлғайтты. Бұл көрсеткіштің бес жылдағы орташа өлшенген мәні (2018-2022) шамамен 31% құрады.

AM Best болашақта Компания өмірді сақтандыру және аннуитеттер портфелінің өсуіне, сондай-ақ өзінің операциялық шығындарын қысқарту үшін қабылдайтын іс-қимылдар салдарынан жоғары операциялық нәтижелерді көрсетуді жалғастырады деп күтеді.

Сонымен қатар AM Best  сарапшылары өсу жоспарларын қолдау үшін пайданы жеткілікті көлемде ұстауға мүмкіндік беретін сенімді операциялық нәтижелер мен дивидендтік саясатқа негізделген Компания капиталының жеткіліктілігін жоғары деңгейде бағалайды. AM Best, болашақта Компания капиталының жеткіліктілігі осы деңгейде сақталады деп болжайды.

«Біз беделді халықаралық агенттіктің біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін өте қуаныштымыз. Халықаралық агенттіктің қабылданған рейтингтік әрекеттері Компанияның дұрыс стратегиялық бағытты ұстанғанын және оның тиімділігін тағы да растай түседі. Бұл жоғары баға Компанияның ішкі нарықтағы қатысуды кеңейтуге, сондай-ақ Компанияның клиенттер базасын ұлғайтуға қосымша әсер етеді деп санаймыз. Жоғары рейтингтер Компанияның нарықтағы мықты жайғасымын әрі өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеті жоғары екенін көрсетеді», - деп түсіндірді Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Компания қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында барлық қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып табылады. Ссақтандыру сыйлықақылары бойынша нарық үлесі 33%, активтер бойынша - 31%, меншікті капитал мөлшері бойынша – 32%, таза пайда бойынша – 27% көлемінде.

Толығырақ: https://news.ambest.com/

Анықтама үшін:

 «A. M. Best» рейтингісінің тарихы 100 жылдан асады. Агенттік 1899 жылы құрылды. Қазір оның кеңселері АҚШ, Ұлыбритания және Гонконгта орналасқан. Best тәуелсіз рейтингі сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларына беріледі. Талдау компания теңгерімінің тұрақтылығын, жедел жұмысын және оның бизнес профилін толық көлемдік және сапалық бағалауға негізделген. Best сақтандырушысының рейтингтерін бере отырып, сақтандырушының ағымдағы басты қаржылық талаптарға жауап беру қабілетіне қатысты пікірін білдіреді.

«Халық-Life» АҚ  «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,4 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы - «Тұрақты». «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның Лицензиясы жаңа өнімді алумен байланысты 2022 жылғы 28 желтоқсанда  №2.2.12 болып жаңартылды.