Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Байқаңыздар, алаяқтар!

27.06.2022

Құрметті клиенттер!

Соңғы уақытта Қазақстанда телефон және интернет арқылы орындалатын алаяқтықтың өте жиілеп кеткенін етеріңізге саламыз. Сондай-ақ түрлі инвестициялық онлайн жобалар түріндегі қаржы пирамидаларының әрекеттері ерекше белсенділік танытуда.

Әртүрлі жобаларға тиімді ақша салу сияқты сылтауларды пайдаланып, азаматтардың жеке деректерінің жария етілуіне байланысты олардың банктік шоттарынан ақша ұрлау және т.б. себептерді пайдаланып, жасалған желідегі алаяқтық схемалары жиі кездесуде. Сонымен қатар, қоңырау шалу арқылы алаяқтықтың жандана түскенін, атап айтқымыз келеді. Алаяқтар, өздерің мемлекеттік органдардың, оның ішінде Ұлттық Банктің, Ішкі істер министрлігінің және ҚР Бас прокуратурасының, түрлі банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлеріміз деп таныстырады.

Сіздерден сұрайтынымыз, өте сақ болыңыз және үшінші тұлғаларға өзіңіздің дербес деректеріңізді немесе қаржылық жағдайыңыз жөнінде деректерді ашпауды, төлем карталарыңыздың деректерін, пин-кодтарды және т. б. ақпараттарды хабарламаңыз.

Егер де біреудің қоңырау шалғанынан немесе алынған хабарламадан кейін күмәніңіз туындаса, өз банкіңіздің сенім телефонына қоңырау шалыңыз және ақпаратты тағы да тексеріп шығыңыз.

Сондай-ақ, сізге ыңғайлы болу үшін Fingramota.kz сайтында алаяқтықтың негізгі белгілері мен схемалары туралы түрлі материалдар орналастырылған. Толық ақпаратты келесі сілтемеден ала аласыздар:

https://fingramota.kz/kk/rubric/caution-scammers