Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

15 ЖЫЛ БІРГЕ!

17.11.2020
"ХАЛЫҚ-LIFE" АҚ-қа – 15 жыл!

Бізбен бірге қатар жүрген, жетістігімізге қуанып, өркендеуімізге ықпал еткен, біздің қымбатты клиенттерімізге алғысымызды, ризашылығымызды білдіреміз.

15 жыл ішінде «ХАЛЫҚ-LIFE» АҚ қаржылық мәселелер бойынша көмектесіп, жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсынып, кеңес беріп, қолдау көрсетіп, көптеген адам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. «ХАЛЫҚ-LIFE» АҚ өзінің қызметкерлері үшін – бұл, жұмыс жасауға қызықты әрі ыңғайлы, күн сайын кәсіби және жеке дамуының жаңа ынтасы пайда болатын, достар мен пікірлес адамдар әрдайым қасында табылатын жер. «ХАЛЫҚ-LIFE» АҚ-ты таңдаған клиенттерімізге алғыс айтамыз!