Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Компанияның 24 мыңға жуық клиенттері қосымша табысқа ие болады

18.05.2022

 «Халық-Life» АҚ-ның 2021 жылғы инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша инвестициялық қызметтен пайдаға қатысу шартын көздейтін өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар компанияның клиенттері инвестициялық қызметке сақтандыру полисінің қатысуы есебінен қалыптастырылған қосымша табыстылыққа ие болады.

«Өткен жылы алынған пайданы ескере отырып, Компанияның Директорлар кеңесі өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар сақтанушылар арасында 168,5 млн теңге мөлшеріндегі инвестициялық қызметтен пайданы бөлу туралы шешім қабылдады. Біз үшін әрбір клиент маңызды, сондықтан біз ҚР өмірді сақтандыру бойынша ең ірі Компаниялардың бірі ретінде ең алдымен клиенттің мүддесінде әрекет етеміз», - деп түсіндірді «Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

2021 жылдың қорытындылары бойынша «Халық-Life» АҚ-ның шамамен 24 мың клиенттеріне бонустық сақтандыру сомасының шамасына қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алу үшін компаниядан сақтандыру дивидендтері есептелетін болады.

Осылайша, сақтандыру дивидендтері түріндегі пайданың 168,5 миллион теңгесін бөлу нәтижесінде инвестициялық қызметтен алынатын пайдаға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 218 миллион теңгеге ұлғаяды.