Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Бір тамшы қан-жанға араша!

11.11.2021

«Халық-Life» АҚ-ның қызметкерлері бірнеше жылдан бері донор болу корпоративтік дәстүрін қолдап келеді. 10 қарашада компания қызметкерлері «Глобус» БО ғимаратындағы 4 қабатта Алматы қалалық қан орталығының көшпелі бригадасымен бірге «Өмір сыйла» атты донор болудың кезекті күнін өткізді.

Биылғы жылы акцияны «Халық» тобындағы еншілес ұйымдарының, сондай-ақ Halyk Bank қызметкерлері қолдады. Барлығы 60-тан астам адам өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, мұқтаж жандарға тегін қан тапсырды. 30 литрге жуық донорлық қан жиналды. Бұл қан жедел медициналық көмек беруге және қан ауруларына ұшыраған науқастарға барады. Ал жиналған қаражат «Халық» қайырымдылық қорына жолданады.

«Донор болу - бұл маңызды іс. Ол қашанда қажет және әрқашан сұранысқа ие. Өмірді болжау мүмкін емес, ешкім қауіп-қатерден сақтандырылмаған және өмірде түрлі жағдайлар болады, сондықтан әр адам донорлық қанға мұқтаж болуы мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі пандемия жағдайында бұл маңызды, қан өте қажет. Ал, бүгін осы игі акцияға қосылғандар қанша адамның өміріне араша болды», - деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқармасының төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Акцияға қатысқан «Халық» тобының барлық қызметкерлеріне және Алматы қалалық қан орталығының көшпелі бригадасының дәрігерлеріне жеке алғысымызды білдіреміз!