Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ сақтандыру дивидендтері түрінде өмірді жинақтап сақтандыру бойынша клиенттері арасында бөлуді ұйғарды

21.05.2020
2019 жылдың қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ-тың Директорлар кеңесі пайдаға қатысу арқылы өмірді жинақтап сақтандыру шарттары бойынша клиенттері арасында инвестициялық қызметтен түскен 162 миллион теңге мөлшеріндегі табысты бөлу туралы шешім қабылдады.

Инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатысу талабы көзделген, өмірді жинақтап сақтандыру шарттары бар «Халық-Life» АҚ-тың барлық клиенттері, 2019 жылдың нәтижесі бойынша «Халық-Life» АҚ-тың инвестициялық қызметіне қатысатын, сақтандыру полистерінің арқасында қалыптасқан қосымша пайдаға ие болатын болды.

«Біз, Компанияның 2019 жылды таза табыспен аяқтауына байланысты, өз клиенттерімізге дивиденд түрінде 212 миллион теңге мөлшерінде қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алуға 162 млн. теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл, инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатысу арқылы өмірді жинақтап сақтандыру бойынша қолданыстағы шарттардың 20 мыңнан астам иелеріне ақша бөлуді көздейді. 5 жыл бойы «Халық-Life» АҚ бұл шарттар бойынша сақтандыру дивидендтерін жүйелі түрде бөліп, соның арқасында өзінің клиенттерін қосымша пайдамен қамтамасыз етіп жүр. Компания, осы кезеңде, сақтандыру дивидендтері түрінде барлығы - 1,7 млрд теңгеден астам ақша бөлді», - деп түсіндірді, «Халық-Life» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Оксана Радченко дивидендтерді бөлу туралы шешімінде.