Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

"ХАЛЫҚ-LIFE" АҚ-тың САҚТАНДЫРУ АГЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

01.03.2021

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі –Компания) Сізге өз құрметін білдіріп, келесіні хабарлайды.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-т. 5)-тш. сәйкес еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылатын жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

Компания агенттің ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру шеңберінде, 01.04.2021ж. дейінгі мерзімде Бас кеңсеге/тұратын қалаңыздағы Компанияның филиалына өтініш-сауалнаманы толтыру қажеттілігі туралы хабарлайды, сондай-ақ сақтандыру ұйымымен/сақтандыру брокерімен еңбек шартының жасалу дерегі туралы Компанияға хабарлауыңызды сұрайды.

Сонымен қатар, Компания тапсырма шартының қолданыс мерзімінде жоғарыда көрсетілген ұйымдармен еңбек шартының жасалу дерегі туралы Компанияға осындай шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлау қажеттілігі туралы қосымша хабарлайды.

 

Сіз бен сақтандыру ұйымымен/сақтандыру брокерімен еңбек шарты жасалған жағдайда, Компаниямен жасалған тапсырма шарты бұзылады.

 

 

Компания Сізден түсініспен қарауыңызды сұрайды!