Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Cалық заңнамасының өмірді жинақтаушы сақтандыру бөлігіне өзгертулер туралы

21.12.2020

«Халық-Life» АҚ өз клиенттеріне салық заңнамасының өмірді жинақтаушы сақтандыру бөлігіне өзгертулер енгізілгені туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген түзетулер 2020 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды, 2021 жылғы 01 қаңтарда қолданысқа енеді.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап жеке тұлға өзінің және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының пайдасына және (немесе) жұмыс беруші қызметкердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеп қойған, жинақтаушы сақтадыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдеріне, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомаларына ЖТС есептелмейді.