Өзгертілген күн 20.06.2023, 12:10

Тұрақты даму

"Халық-Life" АҚ-ы Қазақстан Республикасындағы "өмірді сақтандыру" саласының көшбасшысы бола отырып, өзінің тұрақты дамуын болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, бүгінгі күннің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамның дамуына қосқан үлесі ретінде қарастырады.

     Компания пайдаланылатын ресурстардың басқару механизмдерін жетілдіру, оларға ұқыпты қарау, көміртегі ізін азайту, сондай-ақ әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды дамыту саласындағы тұрақты дамудың маңыздылығын түсінеді. 2022 жылы "Халық-Life" АҚ-ы олардың негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылатын ESG-трансформациясына кірісті.

     Компания жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар елдің дамуы мен өркендеуіне, азаматтадың өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсартуға үлес қосуға тырысады.

Тұрақты даму саласында "Халық-Life" АҚ-ы мынадай 7 қағидатты іске асырады:

1-қағидат: Компания барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді экономикалық құндылық құруға ұмтылады.
2-қағидат: Компания адам құқықтарын, инклюзивтілік принциптерін және барлығына әділ және тең көзқарасты сақтайды.
3-қағидат: Компания экология мен қоршаған ортаға ұқыпты қарайды.
4-қағидат: Компания жауапты қаржыландыру тәжірибесін дамытады және ESG тәуекелдерін тиімді басқарады.
5-қағидат: Компания заңнамалық нормаларды сақтайды және өзіне алған міндеттемелерді орындайды.
6-қағидат: Компания этикалық іскерлік көзқарасты ұстанады және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізеді.
7-қағидат: Компания ақпараттық ашықтықты жетілдіреді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Компания өз қызметін бизнесті жүргізудің жалпы қабылданған нормаларын ескере отырып жүзеге асырады және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты дамуды қамтамасыз ету саласындағы озық халықаралық стандарттарға сәйкес болуға ұмтылады.
Әлеуметтік жауапкершілік "Халық-Life" АҚы-ы корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттарының бірі. Бұл қағидаттың мақсаты - Компанияның кешенді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуындағы барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Және ол қазіргі заманның талаптарына сәйкес келуі және болашақ ұрпақтың мүмкіндіктері мен ұмтылыстарына қауіп төндірмеуі тиіс.
"Халық-Life" АҚ-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметі барлық іс-шаралардың барынша тиімді болуы және нәтиже беруі үшін жүйелі сипатқа ие.
Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Компания алдында тұрған маңызды міндеттер персоналды дамыту және еңбек ұжымдарында тұрақтылықты қамтамасыз ету, Компания қызметкерлерінің, контрагенттердің, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қолдау, мүдделі тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл негізінде іске асырылатын қатысу өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу болып табылады.

БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын ұстану

"Халық-Life" АҚ-ы БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарының маңыздылығын түсінеді және оларға қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады. Бұл ретте Компания өзінің негізгі қызметі барысында қол жеткізуге ықпал ететін басымдықты және неғұрлым өзекті 9 мақсатты айқындады:
1. Жақсы денсаулық және әл-ауқат;
2. Сапалы білім;
3. Гендерлік теңдік;
4. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу;
5. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым;
6. Теңсіздікті азайту;
7. Жауапты тұтыну;
8. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар;
9. Тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік.

Тұрақты даму саласындағы саясат

Тұрақты даму саласындағы саясат "Халық-Life" АҚ-ның тұрақты даму саласындағы ұстанымын білдіретін және осы саладағы қызметке бірыңғай тәсілдерді бекітетін негізгі құжат болып табылады. Құжат компанияның ESG және тұрақты даму саласындағы тәсілдерін айқындайды, сондай-ақ Компанияның корпоративтік басқару кодексіне, Этика және іскерлік мінез-құлық кодексіне және Компанияның өзге де ішкі нормативтік құжаттарына негізделген Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін іске асырудың мақсаттарын, қағидаттары мен негізгі бағыттарын, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін, есептілікті дайындау аспектілерін айқындайды.