Келісім-шарттарды
сүйемелдеу

Серіктестігіміздің әр кезеңі біздің клиенттерімізге ыңғайлы болуы біз үшін өте маңызды.

Бұл бөлім сізге компанияға өміріңіздегі немесе өзге де маңызды оқиғалар туралы уақытында және дұрыс хабар беруге көмектеседі әрі қажетті ақпарат пен құжаттардың нұсқасын ұсынады.

Келісім-шарттарды
сүйемелдеу

Серіктестігіміздің әр кезеңі біздің клиенттерімізге ыңғайлы болуы біз үшін өте маңызды.

Бұл бөлім сізге компанияға өміріңіздегі немесе өзге де маңызды оқиғалар туралы уақытында және дұрыс хабар беруге көмектеседі әрі қажетті ақпарат пен құжаттардың нұсқасын ұсынады.

Өміріңізде қандай да бір жағдай болған кезде Сақтандыру компаниясына дер кезінде хабар беріп, ұсынатын құжаттардың нұсқасын ұсынамыз.

Құжаттың тиісті нұсқасын шығарып алып, Сіз өтінімді Компанияның филиалына немесе өзіңізге жақын орналасқан аймақтық бөлімшесіне бере аласыз. Туындаған сұрақтар бойынша Клиенттерге Сервисті ұсынатын Басқармаға хабарласыңыз.

Егер де Сіз сақтандыру сыйақыңызды қайтарып алғыңыз келсе, онда мына өтінімді толтырыңыз:
Сақтандыру сыйақысын қайтарып алу
Қарызды рәсімдеу үшін тиісті өтінімді таңдап, толтырыңыз:
Кез келген мақсатқа қарыз алу үшін өтінім Жарналарды өтеу үшін қажетті өтінім
Қарызды мерзімінен бұрын толығымен өтеу үшін өтінім:

Қарызды мерзімінен бұрын өтеу үшін өтінім

Қарызды толығымен өтеп болған соң, Компания Сізге сақтандыру шартын қайтарады, ол үшін Сіз тиісті өтінімді толтыруыңыз қажет:
Қарызды өтеп болғанда Сақтандыру шартын қайтарып алуға өтінім
Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу үшін Сізге келесі өтінімді толтыру қажет:
Сақтандыру шартын өзгертуге өтінім Шарт бойынша пайда көрушіні өзгертуге өтінім
Егер де сақтандыру жарнасын Сақтандыру шартынан басқа шартқа ауыстыру қажет болса, онда келесі өтінімді толтырыңыз:
Сақтандыру жарнасын ауыстыруға өтінім
Сақтандыру шарты жоғалып қалса, Шарттың көшірмесін (дубликат) алу үшін өтінім беру:
Сақтандыру Шартын жоғалтып алу туралы және көшірмесін алу туралы өтінімі
Сақтандыру Полистің қолданысын қалпына келтіру үшін Сізге келесі құжаттарды толтыру қажет:
Сақтандыру шарттың қолданысын қалпына келтіру туралы өтінімі (Өтінім Сақтандырушымен толтырылады) Денсаулық туралы декларациясы (Өтінім Сақтандырушымен толтырылады)
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін шарттың мерзімі аяқталса сақтандыру сыйақысын алу үшін өтінімі:
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін шарттың сыйақысын алу туралы өтінімі

Құрметті Клиенттер!

«Халық-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полистерінің иелеріне қарыз беретіні жөнінде хабарлайды.

Қарыз берудің тәртібі:

  1. Кеңес алу. Қарыз алуға ниет білдірген Сақтанушы кеңес алу үшін «Халық-Life» АҚ Компаниясының аймақтық бөліміне хабарласу керек. Компания қызметкері Сақтанушыға қарыз алудың талаптарын түсіндіреді. Егер Сақтанушы барлық шарттарымен келісетін болса, қарыз алуға Өтінім толтырады және Компанияға қолданыстағы сақтандыру Шартын, жеке куәлігін, сондай-ақ қарыз сомасы аударылатын банк шотының деректемелерін береді.
  2. Сақтанушыға қарыз беру мүмкіндігін бағалау. Жинақталған құжаттар пакеті Компанияның өкілетті маманның қарастырылуына жіберіледі. Ол мәліметтердің Компанияның талаптарына сәйкестігін тексеріп, Сақтанушыға қарыз беру мүмкіндігін бағалайды. Сақтанушыға құжаттардың толық пакеті алынған күннен кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде қарыз беру немесе керісінше бермеу туралы шешімнің шыққаны жөнінде хабарланады.
  3. Қарыз беру туралы шешімнің іс-жөнінде асуыҚарыз беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда Компания маманы қарызды өтеу кестесімен бірге Шарт дайындайды. Сақтанушы оған қол қойғаннан кейін қарыз беру туралы Бұйрық шығарылып, Сақтанушы көрсеткен банк шотына ақша аударылады.
  4. Қарызды өтеу. Сақтанушы қарызды Сақтандыру полисі және Қарыз шартының кестелері бойынша сақтандыру жарнасымен бірге Компанияның шотына ай сайынғы аударымдар арқылы өтейді. Бұл ретте Сақтанушы қарызды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Қарызды беру шарты:

  • Қарыз сомасы – қарыз беру күніне мерзімі 2 жылдан асқан қолданыстағы өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полисінің өтеу сомасының көлемінен 79%-дан аспайтын сома;
  • Қарыз мерзімі – 6 айдан 36 айға дейін, бірақ өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полисі мерзімінен аспауы керек;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жыл сайын Компанияның Актуарийімен бекітіледі. Бірақ алдағы қаржы жылының инфляциясының ресми деңгейінен кем болмайды, немесе өлшемнің ең үлкеніне байланысты, жинақтаушы сақтандыру шартымен кепілденген инвестициялық кірістілік мөлшерлемесі;
  • Қосымша комиссиялар – жоқ.

 

Құрметті Клиент!

Өмірді сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисінің шартымен қарастырылған сақтандыру жағдайы орын алғанда Сізге келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:

  1. Өмірді жинақталған сақтандыру шартының мерзімі аяқталса соң: заполнить Сақтандыру шарттың мерзімінің аяқталуына байланысты сақтандыру сыйақысын алуға өтінімді (қосымшасы беттің соңында) толтырып, «Халық-Life» АҚ хабарласу қажет.

  2. Сақтандыру жағдайы орын алғанда: бірден, алайда кез келген жағдайда сақтандыру оқиғадан 40 күннен кешіктірмей, «Халық-Life» АҚ-на сақтандыру оқиғасы орын алғаны туралы жазбаша өтінімді ұсыну қажет: Өтінімнің нұсқасын, сондай-ақ Өтінімге қосымшаны жүктеп алу.

    Өтінімді келесі деректерді көрсету қажет:

    • Сақтандыру полистің/сақтандыру Шарттың сериясы, нөмірі мен берілген күні;
    • Сақтанушының аты-жөні/Ұйымның атауы;
    • Сақтанушының мекенжайы;
    • Сақтандырылған тұлғаның аты-жөні;
    • Сақтандыру жағдайдың орын алған күні мен уақыты;
    • Сақтандыру жағдайын толығымен түсіндіріп, баяндау;
    • Сақтанушының қолыю
  3. Өтінімді толтырғаннан кейін «Халық-Life»АҚ өкілі сақтандыру оқиғасы туралы өтінішті тіркеу Журналын толтыру керек және Сіздің өтінішіңізде тіркеу нөмірі мен сақтандыру Компаниясына келген күнді жазады. Содан кейін, компанияның Өкілі Сізге тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтінішіңіздің көшірмесін, сол сияқты Сақтандыру компаниядан сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттардың тізілімін береді.

  4. Барлық қажет құжаттарды жинап, «Халық-Life»АҚ тапсырғаннан кейін, Сақтандыру төлемін іс-жүзіне асыру үшін құжаттарды қабылдау туралы анықтаманы толтыру қажет. Компанияның өкілі «Сақтандыру оқиғасы бойынша құжаттардың тізілімі» талонын толтырып, онда құжаттардың толық пакетін алған күнді көрсетеді. Кейін «Өтініш қабылданды» деген мөр қойып, үзбелі талонды Сізге береді.

Өтінеміз Сақтандыру төлемді алғанға дейін үзбелі талонды сақтаңыздар, өйткені ол Сіздің қажетті құжаттарды толығымен Сақтандыру компаниясына тапсырылғанын дәлелдейтін құжат болып табылады.