«Bilim-Life»
Балаларыңызға білім берудің сенімді қаржылық негізін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сыйлықақымен қаражат жинақтаңыз әрі сақтандыру қорғанысына ие болыңыз.
Сақтандыру тәуекелдері
- Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтанушы тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы (өз-өзіне қол жұмсаудан қайтыс болу қарастырылмайды);
- Сақтанушының сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі.
- Сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I-ші немесе II-ші топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі.
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
Пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын (жасы 18-ден 65 жасқа дейінгі жеке тұлға) және сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.
3 жастан 20 жасқа дейін.
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы төлем.
Сақтандыру шартын жасасу күніне ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ кемінде:
- Ай сайын төлеген кезде 3 АЕК;
- Тоқсан сайын төлеген кезде 9 АЕК;
- Жарты жылда бір рет төлеген кезде 12 АЕК;
- Жыл сайын төлеген кезде 24 АЕК;
- Біржолғы төлем кезінде 48 АЕК-тен төмен болмауы тиіс.
Бүкіл әлем бойынша, тәулігіне 24 сағат.
1. Мемлекеттің сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық 5% мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі.
2. Мемлекеттің сыйлықақысы басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық 7% мөлшерінде есептеледі:
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелеттік жастағы, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- төрт және одан да көп бір үйде тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалар кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін, яғни жиырма үш жасқа толғанға дейін;
- жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардың балалары.
1) сақтанушыны /сақтандырылушыны ауыстыру жүргізілмейді;
2) пайда алушыға білім беру гранты берілген жағдайда кез келген уақытта пайда алушыны ауыстыруға болады;
3) кез келген уақытта сақтандыру мерзімін өзгертуге болады;
4) сақтанушы білім алудың басқа деңгейлерін алу мақсатында сақтандыру шартының мерзімін ұзарта алады;
5) сақтандыру полистің мерзімі бір жылдан асқан жағдайда сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзгертуге болады.
Мемлекеттің сыйлықақысы тіркелген Білім беру жинақтау салымы (ЕДБ-дағы депозит) болмаған кезде бір пайда алушының пайдасына тізілімде тіркелген бір ғана сақтандыру шарты бойынша есептеледі.