Өзгертілген күн
04.07.2025, 15:31
«Life-Инвест+»
Жыл сайын елімізде ертеңгі күннен нені алғысы келетінін нақты білетін адамдар саны артып келеді. Бірақ кейде біздің жоспарларымыз орындалмай қалады. Бұл жазатайым оқиға, ауру немесе тіпті өмірден өту жағдайлары да болуы мүмкін, міне сол кезде барлық қаржылық жоспарлар аяқталады. Қажетті қаражатты қалай жинауға болады және мақсатқа жетудің жолдары қандай?
Сақтандыру тәуекелдері
- сақтандырылушының сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі;
- сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз қосымша сақтандыру өтемдерінің біреуін немесе бірнеше түрін таңдап біріктіре аласыз, Олар мыналарды қамтиды:
- өлімге әкеп соққан жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда сақтандыру жарналарын төлеуден босату;
- жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда, ал үшінші жылы кез келген себепке байланысты сақтандыру төлемдері;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсуге байланысты сақтандыру төлемі;
- ауыр сырқатты диагностикалау кезіндегі сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алған кезде сақтандыру төлемі.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандыру шарттары
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?
18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.
Кім Сақтандырылады?
Компания мамандарымен тәуекелдерді бағалау тәртібінен өткен 14 (он төрт) пен 65 (алпыс бес) жас аралығындағы кез келген адам (бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы қажет).
Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.
Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір өтті, жылына бір рет, бір жолғы.
Сақтандыру ережелері
- № 1 өзгерістер мен толықтырулары ескерілген Өмірді жинақтаушы сақтандыру ережелері (шыққан күні 02.09.2024 18:00)
- Жинақтаушы өмірді сақтандыру ережелері (шыққан күні 12.12.2023 18:20)
- «Life-ИНВЕСТ+» сақтандыру бағдарламасының ережелері (шыққан күні 20.11.2020 15:25)
- Пайдаға қатысатын өмірді аралас сақтандыру ережелері (қосымша өтемі бар) («Life-Инвест+» сақтандыру бағдарламасы) (шыққан күні 02.11.2018 15:45)