«Бәйтерек»
«Бәйтерек» бағдарламасы қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша кіріс табуға арналған.
Сақтандыру тәуекелдері
Бағдарлама жинақтаудың және өмірді сақтандырудың негізгі бағдарламасы мен 6 түрлі қосымша опциядан тұрады:
- сақтандырылушының сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі;
- сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз қосымша сақтандыру өтемдерінің біреуін немесе бірнеше түрін таңдап біріктіре аласыз, Олар мыналарды қамтиды:
- жазатайым оқиға салдарынан болған сақтандырылушының қайтыс болуынан сақтандыру;
- жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылушыға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру (сақтандыру төлемін жүзеге асыра отырып);
- сақтандырылушының дене жарақатын алуына әкеп соққан жазатайым оқиғадан сақтандыру;
- сақтандырылушының уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан жазатайым оқиғадан сақтандыру;
- сақтандырылушының ауыр сырқаттануы жағдайында сақтандыру*;
- жазатайым оқиға салдарынан алғашқы екі жыл ішінде, ал сақтандырудың үшінші жылынан бастап - кез келген себеппен (сақтандыру жарналарын төлеуден босатыла отырып) сақтандырылушыға мүгедектік тағайындалған жағдайда сақтандыру.
* ауыр сырқат - мүгедектікке әкелетін және өлім-жітімнің өте жоғары деңгейімен сипатталатын (онкологиялық аурулар, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.) сақтандырылушының өмір салтын айтарлықтай бұзатын және өмір сүру сапасын нашарлататын ауру, симптом. Төлем Сақтандырылушының ауыр сырқаты, симптомы алғаш рет сақтандыру шартының қолданылуы басталған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен ерте емес мерзімде диагноз қойылған жағдайда, егер сақтандырылушы ауруды диагностикалау сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өмір сүрген жағдайда жүзеге асырылады.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандыру шарттары
18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.
2 жастан 65 жасқа дейін кез келген адам (18 жастан бастап онлайн рәсімдеу үшін). Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс.
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.
Cақтандыру ережелері
- № 1 өзгерістер мен толықтырулары ескерілген Өмірді жинақтаушы сақтандыру ережелері (шыққан күні 02.09.2024 17:55)
- Жинақтаушы өмірді сақтандыру ережелері (шыққан күні 12.12.2023 15:50)
- Пайдаға қатысумен өмірді аралас сақтандыру ережелері ("Бәйтерек" сақтандыру бағдарламасы) (шыққан күні 20.11.2020 16:40)
- Пайдаға қатысумен өмірді аралас сақтандыру (жинақтық) шарты бойынша сақтандырушының пайдасын бөлу ережелері (шыққан күні 15.04.2020 16:15)
- Пайдаға қатысумен өмірді аралас сақтандыру ережелері ("Бәйтерек" сақтандыру бағдарламасы) (шыққан күні 02.04.2020 12:30)
- Пайдаға қатысумен өмірді аралас сақтандыру ережелері («Бәйтерек» сақтандыру бағдарламасы) (шыққан күні 02.11.2018 11:45)
- Пайдасына қатысумен өмірді аралас (жинақтық) сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының пайдасын бөлу ережелері (шыққан күні 02.11.2018 14:45)