«Life-Тыныштық»

Жақындарыңыздың амандығы - Сіздің қолыңызда!

Жақындарыңыз аман-есен болса, жүректе тыныштық орнайды. Сонда ғана Сіз бақытты өмір сүресіз.

«Life-ТЫНЫШТЫҚ» сақтандыру полисін алсаңыз, Сіз өз отбасыңыздың амандығын қамтамасыз етесіз.

Өз жақындарыңды ойлау, болашаққа жоспар құру ол әр адамның парызы десек артық болмас. Алайда, бұл өмірде барлығы жоспарлағандай болмайды. Кейде, жүрекке мұн келтіретін жазатайым оқиғалар болады. Міне, осындай оқиғалардан өз туған туысқандарыңды, бала-шағаңды қаржылық шығындардан қалай қорғай аласың?

Бұл ретте «Life-ТЫНЫШТЫҚ» сақтандыру бағдарламасы өз өміріңізді бағалауға және Өзіңе жақын адамдардың амандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені ол қандай да бір жағдайдан асыраушының мерзімсіз қайтыс болуынан ОТБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ етеді.

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандырудың негізгі өтелімі:

сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтандырылған тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.

Сақтандырылған тұлға өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру шартының мерзімі аяқталатын болса, сақтандыру төлемі жасалмайды

Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • сақтандырушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;

  • сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі.

Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?

Жасы 18-ден асқан кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

Компания мамандарымен тәуекелдерді бағалау тәртібінен өткен 18 (он сегіз) бен 60 (алпыс) жас аралығындағы кез келген адам (бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы қажет).

Сақтандыру қорғанысын қанша жылға алуға болады?

Сақтандыру мерзімі 1 жылдан 20 жылға дейін бола алады.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Сақтандыру шартына сәйкес алғашқы сақтандыру жарнасы түскен соң Клиенттің өмірі шарттың толық сомасына сенімді сақтандырылған қорғаныста болады;

  • Сақтандыру жарнаның көлемі сақтандыру сомасы көлемімен салыстырғанда аса жоғары емес;

  • Жазатайым оқиғадан қайтыс болу - қосымша тәуекелді қосу арқылы сақтандыру сомасын екі еселеу мүмкіндігі;

  • Шартқа жазатайым оқиға салдарынан жарақат алу немесе қатерлі аурудың анықталу әрекеттерін қосу мүмкіндігі;

  • Клиент қаражатының мүмкіндігіне қарай сақтандыру сыйақысының төлем кезеңін өзі белгілейді.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

Сақтандырылған тұлғаның өлімімен аяқталған кез келген оқиға болған жағдайда

шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

Сақтандырылған тұлғаның өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Бұл сақтандыру төлемі сақтандырудың негізгі өтелімі бойынша 100% сақтандыру сомасына қосымша төленеді.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады.

Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды.

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет?

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

Егер де Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса

Сақтандырушы жеке тұлға болса:

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі анықтама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі анықтама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.