«Life-Инвест+»

Біздің мақсатымыз - Сіздің амандығыңыз!

Елімізде ертеңгі күннен нені күтіп, нені қалайтынын білетін адамдар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл адамдар өздеріне нақты бір мақсат қойып, оған қол жеткізудің тәсілі мен қанша қаражат пен уақыттың кететінін де біледі. Соған қарамастан, өкінішке қарай, көбісі сол мақсаттарына жете бермейді. Оның себебі де жетерлік. Жазатайым оқиға орын алуы, ауруға шалдығу, тіпті өмірден кету жағдайы да өмірде кездеседі. Сол кезде барлық жоспарлар, әсіресе қаржы мәселесі жүзеге аспай қалатыны рас. Қажетті қаражатты жинақтап, мақсатқа жетудің жолдары қандай?

«Life-Инвест+»

Біздің мақсатымыз - Сіздің амандығыңыз!

Елімізде ертеңгі күннен нені күтіп, нені қалайтынын білетін адамдар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл адамдар өздеріне нақты бір мақсат қойып, оған қол жеткізудің тәсілі мен қанша қаражат пен уақыттың кететінін де біледі. Соған қарамастан, өкінішке қарай, көбісі сол мақсаттарына жете бермейді. Оның себебі де жетерлік. Жазатайым оқиға орын алуы, ауруға шалдығу, тіпті өмірден кету жағдайы да өмірде кездеседі. Сол кезде барлық жоспарлар, әсіресе қаржы мәселесі жүзеге аспай қалатыны рас. Қажетті қаражатты жинақтап, мақсатқа жетудің жолдары қандай?

«Казкоммерц-Life» АҚ компаниясы өз клиенттері үшін жоғарыда аталған барлық келеңсіз жағдайларды ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына және еңбекке жарамсыз болып қалу тәуекелі мен қауіптен ұзақмерзімге сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін, әрі Компанияның инвестициялық қызметінен түсетін пайдаға қатысуымен қосымша табыс табудың мүмкіндігін беретін «Life-ИНВЕСТ+» бағдарламасын әзірледі.

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтандырушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
  2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болу.
Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемін;
  • жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемін;
  • жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру қорғанысының 3 жылында сақтандыру жарналарын төлеуден босатуды;
  • жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемін;
  • жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемін;
  • қатерлі ауру анықталғанда сақтандыру төлемін;
  • жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемін қамтамасыз етеді.
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?

18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

Компания мамандарымен тәуекелдерді бағалау тәртібінен өткен 14 (он төрт) пен 65 (алпыс бес) жас аралығындағы кез келген адам (бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы қажет).

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір өтті, жылына бір рет, бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Белгілі бір қаражатты жинақтау мүмкнідігімен сақтандыру қорғанысына ие болу;
  • 5%-ға дейінгі көлемде кепілдендірілген инвестициялық табыс;
  • Компанияның қосымша инвестициялық қызметінен түсетін пайдасына қатысу арқылы қосымша табыс табу мүмкіндігі (алғашқы сақтандыру сомасының бонустық сақтандыру сомасының мөлшеріне ұлғаяды);
  • Өмірді ұзақмерзімге сақтандыру (5,10 және одан артық жылға);
  • Сақтандыру полисі бойынша өтелетін соманы кепілдікке қою арқылы қарыз алу мүмкіндігі;
  • Кез келген құрамда қосымша сақтандыру қорғанысын таңдау мүмкіндігі.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

сақтандырушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру

шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру

сақтандыру төлемін төлеу күніне шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

 

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Бұл сақтандыру төлемі сақтандырудың негізгі өтелімі бойынша 100% сақтандыру сомасына қосымша төленеді.

жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда

1) I топ мүгедектігі – негізгі өтелім бойынша сақтандыру сомасының 80%-ы төленеді (бонустық сақтандыру сомасы есептелмейді);

2) II топ мүгедектігі – негізгі өтелім бойынша сақтандыру сомасының 50%-ы төленеді (бонустық сақтандыру сомасы есептелмейді)

Сақтандырушының жазатайым оқиға салдарынан шарт мерзімінің 2 жылында I-ші немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда, сондай-ақ шарт мерзімінің 3 жылында кез келген себептен еңбекке жарамсыз болып қалуы

Сақтандырушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату

 

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы

емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады

жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу

Емханаға түскеннен алғашқы күннен бастап, әр емделген күні үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%

Сақтандырушыда алғаш рет қатерлі аурудың барын анықтау

Қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы;

Сақтандырушы тұлға қайтыс болған жағдайда жақындары шарт бойынша сақтандыру сомасының төлемін алады. Бұл төлемнен қосымша өтелім бойынша сақтандыру төлемі алынады.

*Қауіпті ауру бойынша қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасы 65 (алпыс бес) жасқа дейін беріледі.

Жоғарыда аталған сақтандыру жағдайлары орын алғанда жаңа өмірге қайта бейімделу үшін Компания Сізге немесе Жақындарыңызға келтірілген материалдық шығынды өтейтін сақтандыру төлемін жасайды.

 

Қосымша бағдарламамен өтелетін қатерлі аурулар немесе ауру белгісі

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет

Сақтандырушы жеке тұлға болса

Егер де Сақтандырушы ретінде заңды тұлға болатын болса

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) сауалнамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі сауалнама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы сауалнамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) сауалнамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі сауалнама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы сауалнамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыдағы құжаттан бөлек қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) сауалнамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі сауалнама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы сауалнамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыдағы құжаттан бөлек қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.