«Бәйтерек

Әрі табысты, әрі тыныш өмірдің құпиясы!

Адам өмірінің алдына түрлі мақсат қояды: соған жетуді армандайды. Жақсы өмір сүргісі келеді, отбасын лайықты өмірмен қамтамасыз еткісі келеді. Әрине, өмірде түрлі жағдай болады: адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті кез келген тәуекел осынау арман-тілектің жүзеге аспай қалуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан кез-келген тәуекелге, қауіп-қатерге біз қашанда дайын болуымыз керек. Бұған «Халық-Life» АҚ-ның «Бәйтерегі» көмек қолын созады.

«Бәйтерек

Әрі табысты, әрі тыныш өмірдің құпиясы!

Адам өмірінің алдына түрлі мақсат қояды: соған жетуді армандайды. Жақсы өмір сүргісі келеді, отбасын лайықты өмірмен қамтамасыз еткісі келеді. Әрине, өмірде түрлі жағдай болады: адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті кез келген тәуекел осынау арман-тілектің жүзеге аспай қалуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан кез-келген тәуекелге, қауіп-қатерге біз қашанда дайын болуымыз керек. Бұған «Халық-Life» АҚ-ның «Бәйтерегі» көмек қолын созады.

«Бәйтерек» бағдарламасы Сіз бен біздің қаржылай қорғанымыз, ұзақмерзімді қаржы жинау және қосымша инвестициялық табыс көзін алу құралы. Кім өз болашағын жарқын еткісі келмейді, бәріміздің жақсы өмір сүргіміз келетіні құпия емес. Ендеше өзінің, отбасының болашағын, қам-қарекетін ойлайтын адам «Бәйтерек» бағдарламасының қызығына кенелсін!

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Бағдарлама жинақтаудың және өмірді сақтандырудың негізгі бағдарламасы мен 6 түрлі қосымша опциядан тұрады.

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтанушы тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;

  2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтанушы тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.

Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • сақтанушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;
  • сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
  • сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда, ал үшінші жылы кез келген себепке байланысты сақтандыру жарнасын төлеуден босатылуды;
  • жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
  • сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі;
  • жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемі;
  • қатерлі аурудың* барын анықтағанда сақтандыру төлемі.

*қатерлі ауру – сақтандырылған адамның өмір салтын бұзып, өмірін нашарлататын, соңында мүгедектікке, өлімге алып келетін ауру, аурудың белгісі (онкологиялық аурулар, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жетіспеушілігі және өзге де дерттер). Бұл кезде Сақтанушының қатерлі ауруы алғаш рет Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімінен 90 күн асқан соң анықталған кезде және ол анықталған күннен ол 30 (отыз) күнтзібелік күн өмір сүрсе төлем жасалады.

Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?

18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

18-65 жас аралығындағы кез келген адам. Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Қауіпті ауру жағдайын сақтандыруды қоса есептегенде сақтандыру қорғанысының көп түрлілігі;

  • Отбасының кез келген мүшесін сақтандыру: 2 жастан жоғары балалар да сақтандырылады;

  • Сақтандырудың үшінші жылынан бастап, сақтандыру дивиденттерді үйлестірумен Компанияның кірісіне қатысу мүмкіндігі (жинақталатын соманы ұлғайту);

  • Сақтандыру қорғанысын тәуілік бойы қолдану;

  • Сақтандыру полисі бойынша соманы кепілге қойып несие алу мүмкіндігі;

  • Қаражаттың мүмкіндігіне қарай сақтандыру сыйлықақысының төлем кезеңін таңдау.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

сақтанушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру

шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру

сақтандыру төлемін төлеу күніне шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

 

Сақтанушы тұлғаның өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

 

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы тұлғаға I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Сақтанушының жазатайым оқиға салдарынан шарт мерзімінің 2 жылында I-ші немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда, сондай-ақ шарт мерзімінің 3 жылында кез келген себептен еңбекке жарамсыз болып қалуы

Сақтандырушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату

 

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы

емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады

Сақтанушыда алғаш рет қатерлі аурудың барын анықтау

Қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы;

Сақтандырушы тұлға қайтыс болған жағдайда жақындары шарт бойынша сақтандыру сомасының төлемін алады. Бұл төлемнен қосымша өтелім бойынша сақтандыру төлемі алынады.

*Сақтанушы тұлға 70 жасқа жеткен кезде қосымша сақтандыру өтелімі автоматты түрде қолданыстан түседі, ал «қатерлі аурудың анықталуына» сәйкес - 65 жасқа дейін қарастырылады.

Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды.

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

Егер де Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса

Сақтанушы жеке тұлға болса:

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.