«Life-Eңбек» - Қызметкерлерді міндетті сақтандыру

Өз қызметкеріңді қорға!

Өндірісте жарақат алу мәселесі кез келген меншік нысанындағы және көлемдегі кәсіпорын үшін қашанда өзекті. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, әрбір жұмыс беруші еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерінің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – ЖОМС) жасау міндетті.

«Life-Eңбек» - Қызметкерлерді міндетті сақтандыру

Өз қызметкеріңді қорға!

Өндірісте жарақат алу мәселесі кез келген меншік нысанындағы және көлемдегі кәсіпорын үшін қашанда өзекті. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, әрбір жұмыс беруші еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерінің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – ЖОМС) жасау міндетті.

Компаниямен «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңды іс-жүзіне асыру мақсатында әзірленген «Life-Еңбек» сақтандыру бағдарламасы қызметкерлердің және отбасы мүшелерінің қаржылық және әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етеді.

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайлары?

қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы қалай белгіленеді?

Сақтандыру сомасы (сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру компаниясы жауапкершілігінің шекті көлемін айқындайтын ақша сомасы) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан (ЕАЖҚ*) кем болмауға тиіс.

*ЕАЖҚ - әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі.

Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) жұмыскерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен сақтандыру шартына (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) өзгерістер енгізіледі.

Сақтандыру сыйлықақының мөлшері:

сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

Сақтандыру сыйлықақының ең төменгі мөлшері:

сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.

Сақтандыру полистің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?

Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.

Кім Сақтандырылады?

әлеуметтік жағдайына қарамастан кәсіпорындағы барлық қызметкерлер (студенттер, зейнеткерлер және т.б.). Бұл қызметкерлер ұйыммен еңбек қатынасы бойынша шарт жасасқан және штатта бар адамдар.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Ұйымның (жұмыс берушінің) аумағы немесе жұмыс уақытында өзге де жұмыс орны: іс-сапарларда, сондай-ақ жұмыс берушінің (Сақтандырушының) тапсырмасы бойынша басқа жұмыстарды атқару кезінде.

Сақтандыру шартының мерзімі?
  • 1 жыл,
  • егер де Сақтанушы қызметінің мерзімі 1 жылдан аспаса, онда шарт осы мерзімге жасалады.
Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Бір жолы немесе мерзімін ұзартып төлеу арқылы – жақтардың келісімі бойынша.

Келтірілген зиянның және сақтандыру төлемнің мөлшерін анықтау тәртібі

Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.

 

Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi

Қызметкердің кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн 5%-тен 29%-ды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты табысын (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу

Қызметкердің кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн 30%-дан 100%-ды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты табысын (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу

Қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу

Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес сақтандырушымен өтеледі

сақтандырушымен өтеледі

сақтандырушымен өтеледі

Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.

Қызметкердің кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты табыстың (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi

Қызметкердің кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты табыстың (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi

 

Қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі

 

сақтандырушымен ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырылады.

Қызметкерді міндетті сақтандыру туралы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты негізінде жүзеге асырылады.

Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды

өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:

  1. кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500 АЕК;
  2. кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750 АЕК;
  3. әсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000 АЕК.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы жоғарыда айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.

Жерлеуге кететін шығындар

Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 АЕК мөлшерiнде өтейдi.

Егер сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

Жұмыс беруші үшін сақтандырудың тиімділігі:
  • Бюджеттің үнемделуі – өндірісте сақтандыру оқиғасы болған жағдайда төлемді сақтандыру компаниясы жасайды;
  • Заңнаманың орындалуы – бақылаушы органдар тарапынан айыппұл шаралары болмайды.
Қызметкер үшін тиімділігі:
  • Қаржы қорғанысы – өндірісте сақтандыру жағдайы орын алғанда зиян келтірілген қызметкерге немесе отбасы мүшелеріне берілетін кепілдендірілген қаржы өтемақысы.

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Егер де Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

Сақтанушы жеке тұлға болса:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы).
  2. Сақтанушы қол қойған сақтандыруға өтінім;
  3. Штат кестесі (Сақтандырушы берген жағдайда).
  4. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы).
  5. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  6. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  7. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.
  • Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы).
  • Сақтанушы қол қойған сақтандыруға өтінім;
  • Штат кестесі (Сақтандырушы берген жағдайда).
  • Жеке басты куәландыратын құжат;
  • Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы/хаттамасы).
  • Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы).
  • Сақтанушы қол қойған сақтандыруға өтінім;
  • Штат кестесі (Сақтандырушы берген жағдайда).