Табысқа қатысумен өмірді топтық аралас сақтандыру

Сіздің қызметкерлеріңіздің болашақ өміріне жауапкершілікпен қарау!

Бизнес үшін білікті кадрдың маңызын кез келген басшы жақсы біледі. Жалақыны көтеру құнды маманды ұстап қалудың кепілі емес. Сіздің бәсекелесіңіз кәсіби білікті қызметкеріңізді қызықтырып алып кетуі ықтимал. Сондықтан кадрды ұстап тұрудың бір амалы – өмірді сақтандыру жинағы келісімі арқылы ынталандыру. Міне, мұндай тәсіл маманның басқа жұмысқа ауысып кетуінен сақтайды.

Өмірді сақтандыру жинағы бағдарламасына қатысушының, яғни сақтандырылған қызметкердің жеке жинақ шоты болады. Сақтандыру келісімшарты жұмыс істеп тұрған кезде сақтандыру жарнасының тұрақты түсіп тұруына байланысты жинақ шоты өсіп тұрады. Оған қоса, егер қызметкер бір компанияда тұрақты жұмыс істесе, әлгі жинақталған қаржы-қаражат өзінің жекеменшігіне айналатынын біледі. Оның үстіне сақтандыру қорғанысы кезеңінде сақтандырылған адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келсе, онда сол қызметкер немесе оның жақын туыстары сақтандыру төлемдері арқылы қаржылай өтемақы ала алады. Басына ауыртпашылық түскен адамға мұндай көмек қашанда қажет. Бақытсыздық оқиғасы орын алған кезде аяғынан тік тұрып, қалыпты өмірге араласып кетуіне мұндай материалдық көмектің ықпалы қашанда зор.

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтанушы тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
  2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтанушы тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • сақтанушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;
  • сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
  • жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
  • сақтанушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі;
  • жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемі;
  • қатерлі аурудың* барын анықтағанда сақтандыру төлемі.
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?

Заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

18-65 жас аралығындағы кез келген адам. Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Шартты қандай мерзімге жасауға болады?

2 жылдан артық мерзімге немесе тараптардың келісімі бойынша

Қызметкер қандай сомаға сақтандырыла алады?

Тараптардың келісімі бойынша, алайда сома Сақтанушының 10 жылдық еңбекақы жиынтығынан аспайды.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.

Сақтандырудың тиімділігі:

Сақтандырудың жұмыс беруші үшін тимідлігі:

  • Ұзақмерзімді ынталандыру және негізгі қызметкерлерді сақтап қалу;
  • Қызметкерлер денсаулығын сақтау;
  • Зиян шеккен қызметкерлер мен олардың отбасына төленуге тиіс болуы ықтимал шығындардың аз болуы.

Қызметкерлер үшін тиімділігі:

  • Қаржы қорғанысы – сақтандыру шартының мерзімі аяқталған соң қызмет еткен жылдары үшін қосымша «сыйақы» алу мүмкіндігі және өндірісте сақтандыру оқиғасы орын алғанда зиян шеккен қызметкерлер мен отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемі ретінде берілетін қаржы өтемаықысын алу кепілдігі.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

сақтанушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру

шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру

сақтандыру төлемін төлеу күніне шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

Сақтанушы тұлғаның өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы тұлғаға I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Сақтанушының жазатайым оқиға салдарынан шарт мерзімінің 2 жылында I-ші немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда, сондай-ақ шарт мерзімінің 3 жылында кез келген себептен еңбекке жарамсыз болып қалуы

Сақтандырушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы

емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы

емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады

Сақтанушыда алғаш рет қатерлі аурудың барын анықтау

Қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы;

Сақтанушы тұлға қайтыс болған жағдайда жақындары шарт бойынша сақтандыру сомасының төлемін алады. Бұл төлемнен қосымша өтелім бойынша сақтандыру төлемі алынады.

*Сақтанушы тұлға 70 жасқа жеткен кезде қосымша сақтандыру өтелімі автоматты түрде қолданыстан түседі, ал «қатерлі аурудың анықталуына» сәйкес - 65 жасқа дейін қарастырылады.

Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды.

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

Егер де Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса

Сақтанушы жеке тұлға болса:

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.