Сақтандыру агенті
мамандығының пайдасы

Сақтандыру агенті
мамандығының пайдасы

Ыңғайлы жұмыс кестесі

Ыңғайлы жұмыс кестесі

Жұмыс уақыты мен оның ырғағын өзің таңдай аласыз. Жұмыс тәртібін өзіңіздің жағдайыңызға қарап, өзіңіз жеке-дара анықтайсыз.

Сіздің материалдық сұранысыңыз өсті. Дегенмен, сүйікті жұмысыңызға сіздің көңіліңіз толады. Демек, өзіңіздің жұмыс күніңізді өзіңіз жеке-дара белгілеп алып, оған көп уақытыңызды жұмсай аласыз.

Мансапқа қол жеткізу

Мансапқа қол жеткізу

«Үйренбеген», «жаңа» адам ретінде бастайсыз. Өз-өзіңді көрсеткеннен кейін, таңдауыңыз бойынша «Суперагент» немесе «Менеджер» карьерасын жасайсыз. Компанияның Қазақстан аумағында 16 аймақтық бөлімшесі бар. Өзіңізге ыңғайлы аймақтан жұмыс орнын таңдауға мүмкіндігіңіз болады. Біздің үздік Менеджерлеріміз бен Агенттеріміздің жүріп өткен жолы бірдей десек қателесе қоймаймыз. Өйткені олардың дені біздің мамандыққа басқа саладан келгендер. Жұмысқа араласқаннан кейін бірте-бірте кәсіби тәжірибе, сатылым көрсеткішін, клиент жинақтап, мәртебесін өсіргендер арамызда өте көп.

Тегін кәсіби оқу

Тегін кәсіби оқу

Сабақ тәлімгердің жетекшілігімен жұмыс орнында жүргізіледі. Оны жаңадан келген адам жақсы таниды. Мұндай әдістің бір жақсы жері – үйренуші маман жұмыс кезінде туындаған түйінге тәлімгермен бірге жауап таба алады. Тәлімгер білім беріп, біліктілігімен бөліседі, ал тыңдаушы өмірді сақтандыру бойынша мамандыққа жеке машықтанады.

Шынында да, әрі жоғары, әрі тұрақты жалақы

Шынында да, әрі жоғары, әрі тұрақты жалақы

Сүйікті ісіңе қанша күш-жігеріңді жұмсайың, соған сайтабыс табасың және оның көлемі шексіз.

Тәлімгер жүйесі

Тәлімгер жүйесі

Біздің Компанияда Сақтандыру Агенттерінің тамаша тәлімгерлік жүйесі құрылып, жұмыс істейді.

Тәлімгерлік – Сақтандыру агентін үздіксіз оқыту үдерісі. Оқыту-баулу сабақтары тәжірибелі менеджер-тәлімгердің сақтандыру өнімдерін оқытудан басталады. Одан кейін біздің Компанияның әрбір Агенті өмірді сақтандыру бойынша еліміздің әртүрлі тұрғындары санатына сақтандыру өнімін сату бойынша кәсіби оқу-үйренуден өтеді.

Тәлімгерлік оқып-үйрену сабақтарында оқу жүйесі мынадай болып келеді:

«Мен айтамын, сен құлақ салып, тыңда»

«Мен айтамын, сен құлақ салып, тыңда»

«Мен көрсетемін, сен ұғып ал»

«Мен көрсетемін, сен ұғып ал»

«Іс жүзінде бірге жасаймыз»

«Іс жүзінде бірге жасаймыз»

«Мен айтып тұрамын, өзің жаса»

«Мен айтып тұрамын, өзің жаса»

«Өзің жаса, не істегеніңді бізге айт»

«Өзің жаса, не істегеніңді бізге айт»

«Алған білімді тәжірибеде қолдану» дегенді қалай түсінеміз. Алғашында біздің тәлімгерлер тәжірибесіз Агентке сақтандыру өнімін сатуға көмектеседі. Тәлімгер Клиентпен шынайы түрде кездескен кезде оған Клиентке тұсаукесер рәсімін өткізуге көмектеседі, сұрағы мен талабы болса, соған жауап береді. Өтініш жазуға жәрдем береді, ең соңында өмірді сақтандыру келісімшартына отырып, қол қоюға көмектеседі.

Әрине, үйренуші Агенттің кәсіби деңгейі әр текті болуы ықтимал – тіпті сатушылықтың иісі мұрнына бармайтындары да, «тәуір багаж жинағандары» да кездесуі мүмкін. Мұндайда тәлімгер үйренуші маманның ұжымға тез сіңісіп кетуіне қол ұшын береді. Клиенттермен арадағы жұмыста стандарттарды меңгеруге, Компанияның корпоративті мәдениетін сіңіруге ықпал етеді.

Тәлімгерлік – Сақтандыру Агентінің кәсіби даму жолына жасалатын көмек пен қолдау. Біздің тәлімгерлер – әрбір аймақтық бөлімшедегі тәжірибелі менеджерлер. Тәлімгерлер біздің Компанияға келген әрбір жаңа маманның аяғынан тік тұрып, өзінің жеке клиенттік базасын қалыптастыруға және табысты Агент атануға қолынан келген көмегінің бәрін жасайды.

Сіздің тәлім алушы әрқашанда:

Сізбен тығыз байланыс жасап тұрады

Сізбен тығыз байланыс жасап тұрады

Сізді оқытады

Сізді оқытады

Сізге қажет болған жағдайда моральдық тұрғыда қолдайды

Сізге қажет болған жағдайда моральдық тұрғыда қолдайды

Осы жерде ескерте кететіні, сақтандыру құралдарына жүйелі түрде қарайтын заманауи технологияларға негізделген кәсіби білім беріледі. Сақтандыру агенттеріне сабақты тәжірибелі корпоративті тренерлер жүргізеді. Сабақ Компанияның арнайы ұйымдастырған тренингтерінде өткізіледі.