«Зейнетақы аннуитеті»
«Зейнетақы аннуитеті» бағдарламасымен зейнетақы төлемдерін уақытынан бұрын алыңыз. Аннуитеттік зейнетақы төлемдері өмір бойы төленеді, армандарыңызды іске асыруға көмектесіп, құрметті демалысты жоспарлауға мүмкіндік береді!
Онлайн өтініш рәсімдеу
Құрметті клиенттер!
Енді сіздер біздің мобильді қосымша арқылы онлайн түрде зейнеткерлік аннуитет шартын жасауға өтініш бере аласыздар. Қосымшаны жүктеу үшін төменгі сілтемелерге өтіңіз:
Сақтандыру пайдасы
Сақтандырудың шарттары
Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) төмен болмауға тиіс. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.
1. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін 45 жасқа толған адамдар.
Осы санат бойынша төлемдердің басталуы:
Ерлер - 55 жаста
Әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жас.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, 40 жасқа толған тұлғалар.
Осы санат бойынша төлемдердің басталуы-50 жас.
Сақтанушы (Аннуитент), ал ол кепілдік берілген кезең аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда* (ол болған кезде) - сақтанушының мұрагерлері не сақтанушының шартта кімді көрсеткеніне қарай зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлға (тұлғалар).
* Кепілдендірілген кезең-Шарт күшіне енген күннен бастап есептелетін кезең, осы кезең ішінде сақтанушы/Аннуитент осы кезеңде өмір сүргеніне немесе қайтыс болғанына қарамастан аннуитеттік төлемдер жүзеге асырылуға тиіс.
Әлем бойынша, 24/7