«Бәйтерек»
«Бәйтерек» бағдарламасы қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша кіріс табуға арналған.
Сақтандыру тәуекелдері
Бағдарлама жинақтаудың және өмірді сақтандырудың негізгі бағдарламасы мен 6 түрлі қосымша опциядан тұрады:
- сақтанушы тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
- сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтанушы тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз қосымша сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз:
- жазатайым оқиға салдарынан болған сақтандырылушының қайтыс болуынан сақтандыру;
- жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылушыға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру (сақтандыру төлемін жүзеге асыра отырып);
- сақтандырылушының дене жарақатын алуына әкеп соққан жазатайым оқиғадан сақтандыру;
- сақтандырылушының уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан жазатайым оқиғадан сақтандыру;
- сақтандырылушының ауыр сырқаттануы жағдайында сақтандыру*;
- жазатайым оқиға салдарынан алғашқы екі жыл ішінде, ал сақтандырудың үшінші жылынан бастап - кез келген себеппен (сақтандыру жарналарын төлеуден босатыла отырып) сақтандырылушыға мүгедектік тағайындалған жағдайда сақтандыру.
* ауыр сырқат - мүгедектікке әкелетін және өлім-жітімнің өте жоғары деңгейімен сипатталатын (онкологиялық аурулар, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.) сақтандырылушының өмір салтын айтарлықтай бұзатын және өмір сүру сапасын нашарлататын ауру, симптом. Төлем Сақтандырылушының ауыр сырқаты, симптомы алғаш рет сақтандыру шартының қолданылуы басталған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен ерте емес мерзімде диагноз қойылған жағдайда, егер сақтандырылушы ауруды диагностикалау сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өмір сүрген жағдайда жүзеге асырылады.
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.
2 жастан 65 жасқа дейін кез келген адам (18 жастан бастап онлайн рәсімдеу үшін). Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс.
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.