Жұмыс берушінің жауапкершілігі
«Жұмыс берушінің жауапкершілігі шеңберіндегі Аннуитет»
Сақтандырудың шарттары
1. Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болғандығы жөнінде хабарламаны алу;
2. Сақтандыру оқиғасының мән-жайын анықтау, Сақтанушыға аннуитеттік сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттарды толық көлемде ұсыну;
3. Ұсынылған құжаттарды заң жүзінде тексеру, аннуитеттік төлемді есептеу;
4. Сақтандыру шарттарын келістіру (аннуитеттік төлемнің есебі, аннуитеттік сақтандыру шарттары);
5. Тараптардың Аннуитеттік сақтандыру шартына қол қою рәсімі.
Аннуитет шарты бойынша төлемдер белгілі бір мерзімге немесе өмірдің ақырғы мерзіміне дейін жасалады (Сақтанушының кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiнің белгiлеуіне байланысты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен аспайтын мерзiмге).
Аннуитеттік төлем мөлшері неге байланысты?
- Сақтандырылған қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі – оның кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі, зардап шеккен қызметкердің орташа айлық жалақысының мөлшері белгіленген жағдайда аннуитет шартын жасасу кезінде;
- Қызмет кердің қайтыс болуына байланысты аннуитет шартын жасасу кезінде - аннуитеттер санына, зардап шеккен қызметкердің орташа айлық жалақысының мөлшеріне байланысты.
Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
Аннуитеттік сақтандыру шарты жасалатын тұлға және аннуитет шарты бойынша өтелімді алатын адам*.
*Аннуитет шарты – сақтандырушы компанияны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн Аннуитеттің (пайда алушының) пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттейтiн сақтандыру шарты.
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат
Аннуитет шарты аннуитетік төлемдердің мерзіміне жасалады. Бұл төлемдер сақтандыру жағдайына, шығындалған кірісті қалпына келтіруге құқығы бар тұлғалардың көлемі мен жасына байланысты.