Жинақтаушы сақтандыру
«Табысқа қатысумен өмірді топтық аралас сақтандыру» бағдарламасы бойынша сақтандырылған қызметкердің жеке жинақ шоты сақтандыру келісімшарттың мерзімі кезінде тұрақты сақтандыру жарналарының есебінен ұлғаяды.
Сақтандыру тәуекелдері
- Сақтандырылушы тұлғаның сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі;
- Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:
- өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан 1, 2 топ мүгедектік берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуға байланысты сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсуге байланысты сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алған кезде сақтандыру төлемі;
- ауыр сырқатты диагностикалау кезіндегі сақтандыру төлемі.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандырудың шарттары
16 (он алты) жастан 65 (алпыс бес) жас аралығындағы кез келген адам. Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 70 (жетпіс) жастан аспауға тиіс.
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат
5 жыл және одан жоғары
Бір Сақтандырылушы бойынша ең жоғары сақтандыру сомасы Сақтандырылушының жылдық 5 (бес) жалақысынан аспауы тиіс, сақтандыру сомасының мөлшерінің асып кетуі - Сақтандырушымен келісім бойынша
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы