«Bilim-Life»
Мемлекеттік сыйлықақы және бастапқы білім беру капиталымен баланың білім алуына қаражат жинаңыз
Сақтандыру тәуекелдері
- сақтандырылушының сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін өмір сүруі;
- сақтандырылушыға сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуі;
- сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде сақтандырылушының қайтыс болуы.
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
Пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын (жасы 18-ден 65 жасқа дейінгі жеке тұлға) және сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.
3 жастан 20 жасқа дейін.
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы төлем.
Сақтандыру шартын жасасқан күнгі ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы кемінде 10 000 теңгені құрайды.
Бүкіл әлем бойынша, тәулігіне 24 сағат.
1. Мемлекеттің сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық 5% мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі.
2. Мемлекеттің сыйлықақысы басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық 7% мөлшерінде есептеледі:
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелеттік жастағы, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- төрт және одан да көп бір үйде тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалар кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін, яғни жиырма үш жасқа толғанға дейін;
- жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардың балалары.
1) сақтанушыны /сақтандырылушыны ауыстыру жүргізілмейді;
2) пайда алушыға білім беру гранты берілген жағдайда кез келген уақытта пайда алушыны ауыстыруға болады;
3) кез келген уақытта сақтандыру мерзімін өзгертуге болады;
4) сақтанушы білім алудың басқа деңгейлерін алу мақсатында сақтандыру шартының мерзімін ұзарта алады;
5) сақтандыру полистің мерзімі бір жылдан асқан жағдайда сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзгертуге болады.
Мемлекеттің сыйлықақысы тіркелген Білім беру жинақтау салымы (ЕДБ-дағы депозит) болмаған кезде бір пайда алушының пайдасына тізілімде тіркелген бір ғана сақтандыру шарты бойынша есептеледі.
Өнім туралы подкаст
Сақтандырудың ережелері
- №2 толықтыру мен өзгерістері бар «Bilim-Life» мемлекеттік білім беру жинақтау өмір сақтандыру бағдарламасының ережелері (шыққан күні 21.05.2025 15:25)
- №1 толықтыру мен өзгерістері бар «Bilim-Life» мемлекеттік білім беру жинақтау өмір сақтандыру бағдарламасының ережелері (шыққан күні 19.04.2024 18:00)
- Өмірді мемлекеттік білім беру жинақтау сақтандыруының ережесі (шыққан күні 03.02.2023 17:15)