«Келешек» бағдарламасы Қазақстандағы әрбір баланың сапалы жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасау үшін жасалған.
Бағдарлама барлық қаржылық көздерді:
- ата-аналардың жеке жинақтарын;
- «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша жинақтарды;
- мемлекеттік сыйлықақыларды;
- «Ұлттық қор — балаларға» бастамасының қаражаттарын,
Бағдарламаның негізгі мақсаты
Бала 18 жасқа толғанда жинақталған барлық сома — сақтандыру компаниясынан, мемлекет тарапынан есептелген төлемдер және Ұлттық қор қаражаттары, таңдалған оқу орнында білім алудың толық немесе жартылай төлемін қамтамасыз ету үшін біріктіріледі.
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МЕМЛЕКЕТ СЫЙАҚЫСЫ:
| 5% | 7% |
|
|
Мемлекет Сіздің білім алуға салған инвестицияңызға жылына 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі сыйақымен қолдау көрсетеді, 2025 жылы бұл 393 200 теңгені құрайды.
Сыйлықақы әр жыл сайын 1 қаңтардағы нақты жинақталған сомаға есептеледі. Сыйақы алу үшін кемінде бір жыл ақша жинақтау жеткілікті.
Есептелген сыйлықақы автоматты түрде капиталдандырылады және Сіздің негізгі салымыңызды ұлғайтады. Мемлекет сыйақыны шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде төлейді, бірақ, ол мерзім 20 жылдан аспайды.
«Келешек» жүйесі бойынша 5 жастағы балаларға арналған бастапқы білім капиталы — болашаққа сенімді инвестиция!
Мемлекет бір жолғы бастапқы капиталды есептейді:
120 АЕК (2025 жылы — 471 840 теңге) — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін;
- 60 АЕК (2025 жылы — 235 920 теңге) — қалған барлық балалар үшін.
Бұл капиталды сақтау және жинақтарды жалғастыру үшін жыл сайын тек 12–24 АЕК енгізу жеткілікті (2025 жылы — 47 184–94 368 теңге).
«Келешек» — баланың сапалы білім алуын бүгіннен бастап қамтамасыз ету мүмкіндігі!
Сіздің балаңыз 5 жасқа толды ма?
Мемлекет бастапқы білім капиталын екі ыңғайлы мерзімнің бірінде аударады:
- 31 тамызға дейін — егер туған күні ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейін болса;
- Келесі жылдың 28 ақпанына дейін — егер туған күні өткен жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін болса.
Ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 5 жасқа толған, бірінші жартыжылдықтағы тізімге қосылмаған балаларға ақша келесі жылдың 28 ақпанына дейін есептеледі.
Егер Сіз «Халық-Life» компаниясымен «Bilim-Life» сақтандыру шартын бұрын жасаған болсаңыз:
Егер Сіз шартты 2025 жылғы 13 сәуірге дейін жасаған болсаңыз, қосымша келісімге қол қоюға арналған сілтеме бар sms аласыз.
Мұндай жағдайда не істеу керек?:
- Sms-тегі сілтемеге өтіңіз.
- Halyk-Life мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз.
- Бастапқы білім капиталына өз келісіміңізді немесе бас тартуды таңдаңыз.
- Сіздің нөміріңізге жеке деректерге қолжетімділікке сұранысы келеді — оны sms арқылы 511 кодын енгізіп растаңыз.
- Egov Mobile арқылы өтінішке қол қойыңыз — Face ID немесе пароль арқылы авторизациядан өту қажет болады.