Сақтандыру жарнасын
төлеудің тәсілдері

Құрметті Клиент!

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарыңызды төлеуге ыңғайлы болуы үшін әрі уақытыңызды үнемдеу мақсатында Компания Сізге төлеу тәсілдерінің бірнеше түрін ұсынады. Олар:

Сақтандыру жарнасын
төлеудің тәсілдері

Құрметті Клиент!

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарыңызды төлеуге ыңғайлы болуы үшін әрі уақытыңызды үнемдеу мақсатында Компания Сізге төлеу тәсілдерінің бірнеше түрін ұсынады. Олар:

Сақтандыру сыйақыны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есептік-кассалық бөлімшелері арқылы төлеу

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның есеп айырысу-кассалық бюросы (ХҚКО) арқылы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін сізге қажет:

  1. Сақтандыру жарнаны төлеу туралы түбіртекке келесі мәліметтерді (Сақтанушының аты-жөні, Сақтанушының ЖСН, сақтандыру полистің нөмірі, сақтандыру жарнаның мөлшері) толтыру керек.
  2. Толтырылған түбіртек арқылы АКБ кассасында сақтандыру жарнасын төлеу керек.

Егер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның АКБ-де өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарнасын төлеу түбіртегінде «Халық-Life» АҚ деректемелері болмаса, онда оны қосымша толтыру қажет:

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ БИН 051140004354, IBAN KZ746010131000057396 АФ «Қазакстан Халық Банкі», БИК HSBKKZKX, КБЕ 15,Тұрғылықты жер белгісі - 1, Сектор коды - 5

 

Төлеуші: (Назарыңызда болсын! Түсінбестік болмас үшін сақтанушының өзі төлеуші ретінде көрсетілу тиіс).

Сақтандыру жарнасын «Қазпошта» АҚ арқылы төлеу үшін

  1. Кассирге төлем коды – 4321 мен «Халық-Life» АҚ - компанияның атауын айтуы қажет.
  2. Сақтандырушының деректемелері (аты-жөні; ЖСН)
  3. Жарна төленетін сақтандыру шарттың нөмірі.
  4. Сақтандыру шарттың бекітілген күні.
  5. Сақтандыру жарнаның көлемі.
  6. Төлем тәртібі (толық сыйақы немесе жарна, транш) – тиістіні көрсету қажет.

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын төлеу жөнінде сұрақтарыңыздың жауабын Сіз өз қалаңызда орналасқан «Казкоммерц-Life» АҚ аймақтық бөлімшесінен немесе Компанияның www.halyklife.kz ресми сайтынан ала аласыз.

 Homebank.kz қаржы порталы арқылы сақтандыру сыйлықақысын төлеу

Сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін Сізге қаржы порталында тіркелу немесе (Сіз тіркелген болсаңыз) авторизациядан өту қажет

 

  1. Жүйеге кіргеннен кейін Бас мәзірде «Төлемдер» тарауын таңдау қажет;

  2. Бұдан кейін «Қаржы қызметтер» қосымша парағын таңдау қажет;

  3. Ашылған бетте «Халық - Life» қосымша парақшасын басу қажет;

  4. Бұдан кейін сақтандыру шарты бойынша ақпаратты енгізу арқылы келесі тармақтарды толтыру және «Төлеу» батырмасын басу қажет;

  5. «Төлеу» басылғаннан кейін төлемнің деректемелерін тексеруге арналған келесі парақша ашылады. Көрсетілген деректемелер дұрыс болған жағдайда «Төлемді растау» батырмасын басу қажет;

  6. Төлем сәтті жүргізілгеннен кейін «Төлем қабылданды» деген хабарлама шығады. Түбіртекті электрондық поштаға жіберу үшін электрондық поштаның мекенжайын теріңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз.

ХОУМБАНК ҚАРЖЫ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЖАДНАМА

 Halyklife.kz сайтында сақтандыру сыйлықақысын төлеу

  • Сайттың Бас парақшасында сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Полисті төлеу» сілтемесіне басу қажет;

Кейін жаңа парақшада келесі тармақтарды толтыру қажет;

  1. «Полистің нөмірі» - полистің немесе сақтандыру шартының немесе сауалнама-өтініштің нөмірін көрсетіңіз;
  2. «Сіздің e-mail» - сақтандыру сыйлықақысы бойынша жүргізілген төлем туралы хабарламаны алу үшін электрондық поштаңыздың мекенжайын көрсетіңіз;
  3. «Мен робот емеспін» - «белгі» қойып, нұсқауларды орындаңыз.
  • Бұдан кейін «Әрі қарай» батырмасын басыңыз;
  • Бұдан кейін Сіздің шартыңыз бойынша деректемелер және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшері қамтып көрсетілген парақша ашылады. Көрсетілген деректер дұрыс болған жағдайда «Бәрі дұрыс, төлеу» батырмасын басу қажет;
  • Егер Сіз басқа соманы төлеймін десеңіз, Сіз қолмен теру тәртібінде төленетін соманы көрсетсеңіз болады;
  • Бұдан кейін E-pay процессинг парақшасы ашылады. Бұл жерде, төлем жүргізілетін төлем карточканың деректемелерін көрсету және «Төлеу» батырмасын басу қажет.

www.halyklife.kz САЙТЫНДА САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЖАДНАМА