«Life-Сенімділік»

Барлығы Сіздің бақылауыңызда!

Әр адам өзінің және жақындарының болашағына алаңдайтыны рас. Келешектегі өмір лайықты әрі барлығы жеткілікті болса екен дейді.

«Life-СЕНІМДІЛІК» сақтандыру бағдарламасы жігерлі, көреген, әрі өз жақындарынның амандығы мен ауқаттылығын ойлайтын жандар үшін!

«Life-СЕНІМДІЛІК» бағдарламасы бойынша шарт жасай отырып, Сіз жазатайым оқиғалардан өзіңізді сақтандырасыз және ӨЗ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАРЖЫ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП, МАҚСАТТЫ ҚАРАЖАТ жинақтайсыз. Өйткені, сақтандырудың мерзімі сәтті аяқталған жағдайда Компания Сізге сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасын төлейтін болады.

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтанушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
  2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болу.
Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемі;

  • жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі;

  • жазатайым оқиға салдарынан I, немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі.

Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?

18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

Компания мамандарымен тәуекелдерді бағалау тәртібінен өткен 2 (екі) мен 60 (алпыс) жас аралығындағы кез келген адам (бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы тиіс).

На сколько лет можно приобрести страховую защиту?

Срок страхования может быть от 5 лет и до 20-ти лет.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Белгілі бір соманы жиақтау мүмкіндігімен сақтандыру қорғанысын алу;

  • 5%-ға дейінгі көлемде кепілдендірілген инвестициялық табыс;

  • Отбасының кез келген мүшесін сақтандыру: 2 жастан жоғары балалар да сақтандырылады;

  • Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру (20 жылға дейін);

  • Сақтандыру полисі бойынша соманы кепілге қойып несие алу мүмкіндігі.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

өліммен аяқталған кез келген оқиға болған жағдайда сақтандыру

шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Бұл сақтандыру төлемі сақтандырудың негізгі өтелімі бойынша 100% сақтандыру сомасына қосымша төленеді.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаға I, немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда

Сақтанушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату

Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды.

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

Егер де Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса

Сақтанушы жеке тұлға болса:

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтанушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауруы жөніндегі анықтамасы.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.