«LIFE- Өркен+»

Баланың болашағы бүгіннен басталады!

Әр ата-ана алдағы болашақта баласының не күтіп тұрғанын күнделікті ойлайтыны рас. Біреулері жақсы білім беруді армандаса, екіншілері, жасы жеткенде үйлену тойына, алғашқы қадамына қажетті қаражатты жинақтауды жоспарлайды. Балаңыздың болашағы тек Сіздің қолыңызда екенін ұмытпау қажет, сондықтан қазірден бастап, дұрыс шешім қабылдаған жөн.

«LIFE- Өркен+»

Баланың болашағы бүгіннен басталады!

Әр ата-ана алдағы болашақта баласының не күтіп тұрғанын күнделікті ойлайтыны рас. Біреулері жақсы білім беруді армандаса, екіншілері, жасы жеткенде үйлену тойына, алғашқы қадамына қажетті қаражатты жинақтауды жоспарлайды. Балаңыздың болашағы тек Сіздің қолыңызда екенін ұмытпау қажет, сондықтан қазірден бастап, дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Міне, осындай клиенттері үшін «Халық-Life» АҚ «LIFE-ӨРКЕН+» атты бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама арқылы ата-аналар өз баласының маңызды оқиғасына қаражат жинақтап, қосымша осы қаражатты ата-анасының жазатайым оқиғадан ауырып қалуы немесе дүниеден қайтуы сияқты қауіп-қатерден сақтандырады.

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

«Халық-Life» АҚ өз клиенттеріне сақтандыру бағдарламасының 2 түрін ұсынады:

  1. «А» бағдарламасы – кәмелеттік жасқа толу сәтіне Компанияның кірісіне қатысумен баланың пайдасына шешілетін өмірді аралас сақтандыру.

Мұнда баланың кәмелеттік жасқа толуы сақтандыру жағдайы болып есептеледі.

Сақтандыру сомасы сақтандыру мерзімі аяқталысымен, яғни бала 18 (он сегіз) жасқа толғанда бірден беріледі.

  1. «В» бағдарламасы - білім алуға Компанияның кірісіне қатысумен баланың пайдасына шешілетін өмірді аралас сақтандыру.

Мұнда баланың ЖОО-на түсуі сақтандыру жағдайы болып есептеледі.

Сақтандыру сомасы транш арқылы (бөлшектеп) өтеледі. Мысалы, төрт жылда 25% (жиырма бес) бойынша төрт бірдей траншпен беріледі.

Егер де бала ЖОО-на түсе алмаған жағдайда сақтандыру сомасы бала 24 (жиырма төрт) жасқа жеткенде бірден төленеді.

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтандырылған бір тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
  2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтандырылған бір тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • сақтандырушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемін;
  • сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру жарнасын төлеуден босату;
  • сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемін қамтамасыз етеді.
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?

18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.

Кім Сақтандырылады?

Компания мамандарымен тәуекелдерді бағалау тәртібінен өткен 18 (он сегіз) пен әйелдер үшін 58 (елу сегіз), ал ерлер үшін 65 (алпыс бес) жас аралығындағы кез келген адам (бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы қажет).

Сақтандырылушымен ресми түрде некеде тұрған жұбайы Сақтандырылатын екінші тұлға болуы мүмкін.

Сақтандыру төлемін кім алады?

Сақтандыру шартына қол қойғанға дейін 16 (он алты) жасқа жетпеген Сақтандырылған тұлғаның баласы немесе Сақтандырылған тұлғаның қамқорлығындағы бала алады.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір өтті, жылына бір рет, бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Белгілі бір қаражатты жинақтау мүмкіндігімен сақтандыру қорғанысына ие болу;
  • 5%-ға дейінгі көлемде кепілдендірілген инвестициялық табыс;
  • Компанияның қосымша инвестициялық қызметінен түсетін пайдасына қатысу арқылы қосымша табыс табу мүмкіндігі (алғашқы сақтандыру сомасының бонустық сақтандыру сомасының мөлшеріне ұлғаяды);
  • Өмірді ұзақмерзімге сақтандыру (5,10 және одан артық жылға);
  • Сақтандыру полисі бойынша өтелетін соманы кепілдікке қою арқылы қарыз алу мүмкіндігі;
  • Кез келген құрамда қосымша сақтандыру қорғанысын таңдау мүмкіндігі.

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

сақтандырылған бір тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру

 

Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы бірден өтеледі

немесе Сақтандырушы және Сақтандырылған тұлғаның (Пайда көруші) арасында алдын ала келісілген шарты бойынша белгілі бір мерзім ішінде бөлшектеп өтеледі.

 

сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінде сақтандырылған бір тұлғаның кез келген себептен қайтыс болуы

 

Шарттың мерзімі аяқталған соң шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және бонустық сақтандыру сомасы (бар болған жағдайда) бірден өтеледі

Сақтандыру жағдайы орын алғаннан соң сақтандыру мерзімі аяқталғанша сақтандыру жарналарының төлемі тоқтатылады.

Сақтандырудың қосымша өтелімі

 

өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда

Қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.

Бұл сақтандыру төлемі сақтандырудың негізгі өтелімі бойынша 100% сақтандыру сомасына қосымша төленеді.

Бонустық сақтандыру сомасы өтелмейді.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушыға I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда

Сақтандырушы мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады

 
«Life-Рост+» сақтандыру бағдарламасының сақтандыру ережелері
Сақтандыру төлемі бойынша қосымша шарттар:

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Сақтандырушы жеке тұлға болса:

Егер де Сақтандырушы ретінде заңды тұлға болатын болса

Егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі анықтама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі анықтама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
  2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
  4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
  5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.
  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
  1. Ауру жөніндегі анықтама.
  2. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  1. Қаржы анықтамасы.
  2. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.

Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:

  1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.