«Life-Қорғау»

Бір жылға жазатайым оқиғадан қолжетімді сақтандыру!

Кез келген адам өзіңе және өз жақындарына қауіпсіз өмірді қалайды, алайда бұл өмірде небір жағдайлар, оқиғалар орын алып жатады. Олар біздің өмірімізге, денсаулығымызға зиян келтіруі мүмкін.

«Life-Қорғау»

Бір жылға жазатайым оқиғадан қолжетімді сақтандыру!

Кез келген адам өзіңе және өз жақындарына қауіпсіз өмірді қалайды, алайда бұл өмірде небір жағдайлар, оқиғалар орын алып жатады. Олар біздің өмірімізге, денсаулығымызға зиян келтіруі мүмкін.

Кез келген адаммен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың түрі көп, олар:

  • жол апаты;
  • қызметтік және/немесе тұрмыстағы жұмыстарды атқару кезінде;
  • түрлі экскурсиялар жүріп жатқанда;
  • сауықтыру мекемелерінде, сауықтыру лагерлерінде, іссапарларда немесе
  • демалыста болуы мүмкін.

Жазатайым оқиғаның салдары да түрлі болады: мезгілсіз өмірден қайту, сүйектердің сынуы, дененің күйіп қалуы, соғылу сияқты түрлі дене жарақаттарын алу. Міне, жоғарыда аталған жағдайлардан тез оңалып, қайта өмірге бейімделу үшін сапалы медициналық көмек, сондай-ақ қаржы қажет-ақ.

 

«Қорғау» атты сақтандыру бағдарламасының аясында Компания жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылған тұлғаның өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілсе сақтандыру төлемін сі-жүзіне асыру бойынша міндеттемелерді өзіне жүктейді.

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Сақтандырудың негізгі өтелімі:
  1. Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен қайтыс болуы.

Сақтандырудың қосымша өтелімдері:

Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:

  • жазатайым оқиға салдарынан I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
  • жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
  • жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі.
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?

Жасы 18-ден асқан кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға

Кім Сақтандырылады?

6 (алты) мен зейнеткерлік жас аралығындағы кез келген адам.

Сақтандыру қорғанысын қанша жылға алуға болады?

Сақтандыру мерзімін 5 күннен 1 жылға дейін алуға болады.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Сақтандыру аумағын клиенттің өзі бекітеді:

  1. Қазақстан Республикасы, тәуілігіне 24 сағат;
  2. ТМД, тәуілігіне 24 сағат;
  3. Бүкіл әлем, тәуілігіне 24 сағат.
Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Бір жолғы

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Сақтандыру шартына сәйкес алғашқы сақтандыру жарнасы түскен соң Клиенттің өмірі шарттың толық сомасына, сақтандыру полисінде көрсетілген мемлекеттердің аумағында сенімді сақтандырылған қорғаныста болады;

  • Клиент қаражатының мүмкіндігіне қарай сақтандыру сыйақысының төлем көлемін өзі белгілейді

  • Сақтандыру жарнаның көлемі сақтандыру сомасы көлемімен салыстырғанда аса жоғары емес;

  • Шартқа жазатайым оқиға салдарынан жарақат алу тәуекелін қосу мүмкіндігі;

Шарт бойынша сақтандыру төлемнің көлемі:

Сақтандырудың негізгі өтелімі

Төлем көлемі

Сақтандырылған тұлғаның кез келген себептен қайтыс болуы

 

Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы

Сақтандырудың қосымша өтелімі*

 

жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаға I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда

 

1) I топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 80%-ы;

2) II топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 50%-ы;

3) III топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 20% -ы.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы*

Емханаға түскеннен алғашқы 7-ші күннен бастап, әр емделген күні үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%-ы, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет.

жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады (бұл өтелім бойынша сақтандыру сомасы 1 500 000 теңгеден аспауы тиіс)

*«Жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы» қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасы сақтанушының ықыласы бойынша таңдалуы мүмкін, алайда ол сома негізгі өтелімнің сомасынан аспауы тиіс. Ал егер де сақтандыру қорғанысы 30 күннен аспайтын мерзімге жасалатын болса, онда бұл өтелімді таңдауға болмайды.

Жоғарыда аталған сақтандыру жағдайлары орын алғанда Компания Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға материалдық шығынды өтеу үшін, әрі жаңа өмірге беймделу үшін сақтандыру төлемін жасайды.

 

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

  1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша).
  2. (Сақтандырушының/Сақтанушының/Пайда алушының) ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі, балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі.
  3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша)
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
  • Медициналық құжаттар;
  • Қаржы анықтамасы;
  • Қаржы құжаттары.