«Life-Кепіл»

Кредитті қорықпай жабасыз!

Сіз кредит алдыңыз немесе алуды жоспарлап жүрсіз. Ең бірінші оны қайтару мәселесін ойлайтының рас. «Алған несиемді уақытында жаба аламын ба? Аяқ астынан қандай да бір қиын жағдайға душар болып, кредитім жабылмай қалса не болады? Жаман айтпай жақсы жоқ, ауырып қалсам не болмаса апатқа түсіп қалсам, менің несиемді кім жабады? Жұмыстан шығып қалсам ше?» Міне, осындай сансыз сауалдың басты ауыртатыны жалған емес.

«Life-Кепіл» – кепілге қойылған мүлікті сақтау мүмкіншілігі және басқа қандай да бір жағдай түскенде қарыз сомасын қайтаруды қамтамасыз ету кепілі.

«Life-Кепіл»

Кредитті қорықпай жабасыз!

Сіз кредит алдыңыз немесе алуды жоспарлап жүрсіз. Ең бірінші оны қайтару мәселесін ойлайтының рас. «Алған несиемді уақытында жаба аламын ба? Аяқ астынан қандай да бір қиын жағдайға душар болып, кредитім жабылмай қалса не болады? Жаман айтпай жақсы жоқ, ауырып қалсам не болмаса апатқа түсіп қалсам, менің несиемді кім жабады? Жұмыстан шығып қалсам ше?» Міне, осындай сансыз сауалдың басты ауыртатыны жалған емес.

«Life-Кепіл» – кепілге қойылған мүлікті сақтау мүмкіншілігі және басқа қандай да бір жағдай түскенде қарыз сомасын қайтаруды қамтамасыз ету кепілі.

Өмірде ешкім күтпеген оқиғалар болып жатады. Біз одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Міне, сондай жағдайда, қарыз алушының денсаулығының нашарлауына байланысты немесе өмірден өтіп кеткен кезде кредитттің негізгі қарыз сомасы сақтандыру келісімшарты бойынша төлем есебінен жабылады

«Life-Кепіл» сақтандыру полисі арқылы Сіз банктің қарызын жабу кезеңінде болжап айта алмайтын кез-келген аяқасты қауіп-қатерден сақтанасыз.

 

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ:

«Қазкоммерц-Life» АҚ Компаниясы заемшыларға сақтандыру бағдарламасының 2 түрін ұсынады:

  1. «Қарыз алушының өмірі мен еңбекке қабілеттігін сақтандыру» бағдарламасы бойынша сақтандыру өтелімі:
    • Сақтандыру қорғанысы қызмет етіп тұрған кезеңде кез келген себеппен сақтандырылған адамның қазасы.

    • Жазатайым оқиға кезінде немесе ауырып қалған жағдайда сақтандырылған адамға І немесе ІІ топ мүгедектігі берілгенде еңбекке қабілеттігін жойған тұста.

  2. «Қарыз алушыны жазайым оқиғадан сақтандыру» бағдарламасының сақтандыру өтелімі:
    • Сақтандыру қорғаны қызмет етіп тұрған кезде жазатайым оқиғадан сақтандырылған адамның өмірден өтіп кетуі.

    • Жазатайым оқиға кезінде І немесе ІІ топ мүгедегі берілген сақтандырылған адамның еңбекке қабілеттігін жойған тұста.

    • Сақтанушын адамның жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке қабілеттігін жойған кезде. Егер сақтандыру келісімшарты (сақтандыру қорғаны) жұмыс істеп тұрған кезде жазатайым оқиға орын алса, онда 61 (алпыс бір) күн ұзақтықпен және 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде сақтандырылған адам еңбекке қабілетсіз деп танылған жағдайда.

Сақтандыру полисінің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?

18 жасқа толған кез келген азамат.

Кім Сақтандырылады?

18-65 жас аралығындағы кез келген адам, Келісімшарт мерзімі аяқталған кезде сақтанушы адамның жасы 70-тен аспауы керек.

Келісімшарт бойынша сақтандыру сомасы неге тең?

Сақтандыру сомасының көлемі Негізгі қарыз мөлшеріне тең және ол Негізгі қарыздың межесіне орай өзгеріп (азаяды), көлеміне (азаяды) байланысты төмендейді.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Әлем бойынша тәуілігіне 24 сағат

Сақтандыру жарнасының төлем кезеңі:

Бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының пайдасы:

  • қарыз алушының денсаулығын жоғалтуы немесе өмірден өтуіне байланысты кредитін сақтандыру компаниясы жабады;

  • қарыз алушының туысқандары қарызды өтеу міндетінен құтылады;

  • сақтандыру полисінің құны қымбат емес, жыл сайын ол негізгі қарыздың көлемін азайта отырып, пропорционалды түрде төмендейді.

Келісімшарт бойынша сақтандыру төлемінің көлемі:

Қарыз алушының өмірі мен еңбекке қабілеттігін сақтандыру

Сақтандыру оқиғасы

Төлем көлемі

Сақтандыру келісімшарты қызмет етіп тұрған кезде сақтандырылған адамның кез келген жағдаймен өмірден өтуі.

Сақтандыру оқиғасы қолданысқа енген күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспаған жағдайда, сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинаған кездегі негізгі қарызға, сондай-ақ сыйақы сомасына тең.

I немесе II топ мүгедектігін өмірбойына беру туралы шешім шыққан кезде.

Сақтандыру оқиғасы қолданысқа енген күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспаған жағдайда, сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинаған кездегі негізгі қарызға, сондай-ақ сыйақы сомасына тең.

І немесе ІІ топ мүгедектігін белгілі бір мерзімге берілген кезде

Сақтандырылған адамның кредит келісімшарты бойынша, белгіленген төлем графигі негізінде, мүгедектігі белгіленген (мүгедектік мерзімі) мерзімдегі төлем сомасына тең.

Қарыз алушыны жазатайым оқиғадан сақтандыру

Сақтандыру оқиғасы

Төлем көлемі

Сақтандыру келісімшарты қызмет етіп тұрған кезеңде жазатайым оқиға салдарынан болған қаза.

Сақтандыру оқиғасы қолданысқа енген күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспаған жағдайда, сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинаған кездегі негізгі қарызға, сондай-ақ сыйақы сомасына тең.

Жазатайым оқиға салдарынан I немесе II топ мүгедектігін өмірбойына берілгенде.

Сақтандыру оқиғасы қолданысқа енген күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспаған жағдайда, сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинаған кездегі негізгі қарызға, сондай-ақ сыйақы сомасына тең.

Жазатайым оқиға салдарынан I немесе II топ мүгедектігін белгілі бір уақытқа берген кезде.

Сақтандырылған адамның кредит келісімшарты бойынша, белгіленген төлем кестесі негізінде, мүгедектігі белгіленген (мүгедектік мерзімі) мерзімдегі төлем сомасына тең.

Жазатайым оқиға салдарынан ұзақтығы 61 (алпыс бір) күнтізбелік күннен аспаған және 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде еңбекке қабілеттігін уақытша жоғалтқан кезде.

Сақтандырылған адамның төлем кестесіне сәйкес, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспаған жағдайда еңбекке қабілеттігін уақытша жоғалтқан кезеңде төлем көлеміне тең*.

*төлемге негізгі қарыз қалдығы, сыйақы, ссудалық шотты (болған жағдайда) жүргізуге арналған комиссия кіреді.

Жоғарыда көрсетілген сақтандыру оқиғаларының кез келгені орын алған жағдайда Компания сізге немесе Сіздің туған-туысқандарыңызға келтірілген материалдық залалдың орнын толтырып береді әрі жазатайым оқиғадан кейін жаңа өмірге бейімделуге және кредитке қойылған мүлікті аман алып қалуға жәрдемдеседі.

Қарыз алушының өмірін сақтандыруға келісімшарт жасасу үшін қандай құжаттар керек:

  1. Сақтандырылуға өтініш жазу (қарыз алушы береді);
  2. Сақтандырушының талабына сәйкес, медициналық тексерістің қорытындысы (Сақтандырушының жіберуімен медициналық тексеруден өту, егер мұндай медициналық тексерістен өткеніне 6 ай мерзім толмаған жағдайда медицина тексерісінің қорытындысы жарамды болуы ықтимал) – медициналық тексеріс Сақтандырылушының есебінен өзі тіркелген клиникадан өткізіледі. Келісімшарт жасалғаннан кейін сақтандырылушы қайтадан медициналық тексерістен өтпейді;
  3. Сақтандырылушының Банк пен Сақтанушының арасындағы келісім бойынша кредиттеу туралы банктің соңғы жағымды шешімі (Пайда табушы ұсынады);
  4. Қаржы жөніндегі сауалнамасы;
  5. Кеселі жөніндегі сауалнама (әр дерті бойынша жеке түрде), Сақтандырушының талабына сәйкес, Сақтандырылушының (сақтандырылушы ұсынады) кәсіби тәуекелі мен ермегіне орай (дайвинг, автомобильді спорт, парашютты спорт, альпинизм, авиация және т.б.) жазбасы;
  6. Сақтандырушының жазбаша сұрауына орай басқа да құжаттарды ұсыну. Егер бұл талап андеррайтинг (Сақтандырылған адам ұсынады немесе сұралған ақпараттың түріне байланысты пайда табушы жақ ұсынады) талабымен негізделсе).

Назар аударыңыздар: егер қарыз алушы жазатайым оқиғадан сақтануға келісімшарт жасаса, онда медициналық тексеру қорытындысы талап етілмейді.